«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЗІМДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздегі келісім мен ынтымақтастықты сақтап, көпэтносты республикамызда саяси боссөзділік пен әлеуметтік алауыздыққа жол бермеу – қазақстандық әр азаматтың міндеті. Қазіргі құбылмалы заманда әр адамның әлеуметтік жауапкершілігі өте маңызды, сондықтан олар қандай да бір шешім қабылдар алдында адамгершілік нормалардан аспауын ойластыруы керек. Төзімділікке тәрбиелеу дегеніміз – мінез-құлқы және көзқарасы әртүрлі адамдармен бір кеңістікте қоғамдаса қарым-қатынаста болуға үйрету. Осыған орай өскелең ұрпақты ынтымақтастық пен бір-біріне көмекке негіздеп, өзінің айналасындағылармен қарым-қатынас қалыптастыруға дағдыландыру қажет.
2008 жылы облыстық балалар құқығын қорғау департаменті жанынан құрылған еріктілер клубы осы бағытта жұмыс атқарады. Еріктілер клубы мүшелерінің қатары жыл сайын артып келеді. Олар облысымыздың көмек қажет жандарына – соғыс және еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, қиын жағдайда қалған балаларға қамқорлық жасайды. Бүгінгі күні 15-тен астам еріктілер клубы түрлі білім ошақтарында құрылып, жұмыс жүргізу үстінде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, білім беру мекемелерінен балалар білім ғана алып шықпай, негізгі өмірлік ұста-ным болып табылатын төзімділікке де үйренулері керек. Балалар өзгенің мәдениеті мен оны ұстанушыларға, өзара түсіністікке, шыдамдылыққа, ашықтыққа, достық қарым-қатынасқа, тағы басқа да адами құндылықтарға мектеп қабырғасында жүрген кезден тәрбиеленуі тиіс. “Өзін-өзі тану” бағдарламасы балаларды жалпы адамгершілік-рухани құндылықтарға үйрететін және тәрбиелейтін құрал екендігін тәжірибе көрсетіп берді.
Адам бойындағы ізгі қасиеттерді тәрбиелеуде кітапханалардың да маңызы зор. Балалар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері “Кітапхана – рухани-адамгершілік тәрбие орталығы” конкурсын өткізді. Оған 30-дан астам жоба ұсынылды. Петропавл қаласындағы №9 мектептің “Ізгілік кітап сөресінде” тақырыбындағы электрондық тұсаукесер көрмесі ерекше назар аударды.
Төзімділік елімізде, отбасында, мектепте, сынып ішінде, тағы басқа жерлерде жеке тұлғалардың өзара татулығы мен келісімінде көрініс табады. Мектепте өзара түсіністік, тиімді келісімге келу, төзімді және өзара сыйластық қарым-қатынас құру инновациялық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асады. Медиация және “Мектептердегі бітімгершілік қызметін” құру осы үдерістерге ықпал ете алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласында білім саласын жаңғырту және медиацияны алға бастыру қажеттігіне тоқталған болатын. Осыған орай қалалық білім бөлімінің қолдауымен балалар құқығын қорғау департаменті облыстық кәсіби медиаторлар қауымдастығымен бірлесіп, даулы жағдайлардан шығудың сындарлы жолдарын үйрететін “ Мектептегі бітімгершілік қызметін” құруда.
Төзімділікке тәрбиелеудің үдерісі ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері және “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігінің қатысуымен департамент өткізген интернет-конференция оқушылардың бойында түрлі халықтың, ұлттың, діннің ерекшеліктеріне қатысты шыдамдылық пен сыйластық қалыптастыруға ықпал етеді. Интернет-конференцияның талқылауға ұсынған “Дін және қазіргі әлемдегі жанжал”, “Осызаманғы жасөспірімдер өміріндегі дін” тақырыптары жастар талабына сай келеді.
Төзімділікке жол – өзін қоршаған ортада жайлы сезінетін, басқа адамдарды түсінетін, көмек қажет жандарға әрқашан қол ұшын беруге дайын тұратын еліміздің барлық азаматтарына қажет жол.
Ольга ЧЕРЕПАНОВА,
балалар құқығын
қорғау департаментінің
бөлім бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp