Қайрат ДҮЙСЕНБІ.
Көшеміздің дұрыс аты – Бөкетов,
Бір маңдайша неге бұрыс “Бокетөв”?
Облыстық аурухана алдында
Ілгендей-ау мұқатуға кекетіп…
Тіліміз аман емес ауытқудан,
Жасап-ақ жатқандай бір
зауыт будан.
Жиырмасыншы автобус
құтыла ма
Жан адам түсінбейтін
“ықмана уданын”!
Петропавл қаласы.