«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОМАҚТЫ ҮЛЕС ҚОССАМ ДЕЙМІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы әл-Фараби мектеп-лицейін бітіргеннен кейін Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждін тамамдадым. Қазір Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде сырттай оқуға түсіп, Есіл ауданындағы Амангелді орта мектебінде мамандығым бойынша еңбек етіп жүрмін. Бастауыш және орта буындарда сабақ беремін, сонымен қатар 6 “а” сыныбының жетекшісімін.
Білсем, үйренсем, көрсем деген баланың барлық сұрақтарына тосылмай жауап беру үшін үнемі біліміңді жетілдіріп отыру қажет. Сондықтан колледж бен университетте алған біліміммен шектелмей, өз-өзімді әрдайым дамытып отыруды мақсат етемін. Өзім еңбек ететін мектептегі тәжірибелі мұғалімдердің білген-түйгендері мен ақыл-кеңестерінен қажеттісін қабылдауға тырысамын.
Меніңше, балалардың әрқайсысының талаптары да, білімді қабылдау деңгейлері де, қызығушылықтары мен қарым-қабілеттері де әртүрлі. Ұстаздың міндеті – алдында отырған болашақтағы сан қилы мамандық иелерін зерттеп, әрқайсысының ішкі жан дүниесіне үңіле білу, шәкірттің білгісі келген білім-біліктерін олардың зердесіне ұялату.
Оқушыларым мектептегі шығармалар сайысында бірінші орынды, жазушылар шығармаларын сахналаудан аудандық олимпиадада екінші орынды иеленді. Абай, Мағжан, Шәкәрім оқуларына да жыл сайын қатысып, жүлделі орындарды еншілеп жүр.
Мақсатым – түпсіз білім тұңғиығына сүңгіп, білмегенімді өзім үйреніп, өз білгенімді алдымдағы оқушыларымның бойына сіңіру, еліміздің білім саласына, соның ішінде қазақ тілін дамытуға елеулі үлес қосу ол.
Арман ХАМИТ,
Амангелді орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі
Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp