«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

15 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ тегін курстардан өтіп, сертификат алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыста тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөнінде тегін курстар ұйымдастырылғаны белгілі. Бүгінгі күні 15 мың адам белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болды.
Бұл бағдарлама бойынша 16-74 жас аралығындағы кез келген азамат компьютерлік білімдерін жетілдіре алады. Ол үшін аудандық немесе Петропавл қаласы білім бөлімдеріне өтініш білдіру қажет. Өңір тұрғындарының 50 пайызының компьютерде жұмыс істей білу деңгейіне қол жеткізу үшін қосымша 18 мың адамды оқыту керек. Осыған байланысты аудан және қала әкімдіктерінде жоспар бекітілген. Бұл жөнінде Тайынша, Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың әкімдіктері жақсы көрсеткіштерге ие болып отыр. Сонымен қатар Қызылжар, Мамлют, Тимирязев, Айыртау аудандары да оң нәтиже көрсетуде.
Оқыту маусымының аяқталуына екі айдай уақыт қалғанын естеріңізге саламыз. Бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмаңыздар. Ал аудандар және Петропавл қаласы әкімдіктері Елбасының тапсырмаларын орындау үшін барынша шара қолдануы қажет.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp