Еліміз бойынша бірінші болып біздің қаламызда бой көтерген “Нептун” спорттық-ойын-сауық кешені талай балаға қызық пен қуаныш сыйлап үлгерді. Солардың арасында №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерінің 25 оқушысы да бар. Олар аквапаркте “Қамқорлық” акциясының аясында тегін демалды.
“Нептун” спорттық-ойын-сауық кешенінің қожайыны, облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Леонтьев қазан айы бойы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары мен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен облысымыздағы мектеп-интернаттар тәрбиеленушілері үшін “Қамқорлық” акциясын өткізді.
Мектеп-интернаттан спорттық-ойын-сауық кешеніне барғысы келетіндер өте көп болғандықтан, біз балаларды ынталандыру мақсатымен іріктеу жүргіздік. Осылайша аквапаркке алғашқы болып бару құрметіне қандай да бір жетістіктерімен көзге түскен оқушылар иеленді. Олар түрлі қолөнер бұйымдарын жасау, іс тігу, бейнелеу өнері байқауларында көзге түсіп жүлделі орын алғандар, жасаған, тіккен бұйымдары көрмелерге қойылып, марапат алып жүрген балалар болды. Сондай-ақ ән, би конкурстарында көрермендерін өнерлерімен тәнті ете білген өнерпаздар, жақсы оқуымен, үлгілі тәртібімен ерекшеленген оқушылар да осы қатардан табылды.
Спорттық-ойын-сауық кешенінде балалар жаздыгүнгідей суға шомылып, өздерінің қалаулары бойынша түрлі су аттракциондарында сырғанады. Естелік суреттерге түсіп, ұмытылмас әсер алды. Өздеріне осындай қуаныш сыйлаған аквапарк қожайынына айтар алғыстары да шексіз болды.
Альмира ШАКИРЖАНОВА,
тәрбиеші.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 13.11.2024
- 1 қаралым
- 13.11.2024
- 0 қаралым
- 13.11.2024
- 3 қаралым
- 13.11.2024
- 1 қаралым
- 13.11.2024
- 0 қаралым