«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАУЫ” жылқы ұрлығын болдырмады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлердің “Көршілер бақылауы” бағдарламасы арқасында тағы бір қылмыстың жолы кесілді. Бұл жолы Аққайың ауданындағы ауылдардың бірінде мал ұрлау фактісі әшкереленді.
Кешкі сағат бес шамасында Ивановка ауылының тұрғыны Олег Калимбет үй сыртында оттап жүрген көршісінің жылқысын белгісіз біреу ұстамақшы болғанын байқаған. Бір жамандықты сезген ер адам бірден учаскелік полиция инспекторына қоңырау шалып, көршісіне барып, көргенін айтқан. “Біз көршіміз екеуіміз әлгі күдіктіні ұстап алып, сұрағанымызда ол бұл жақта жай ғана қыдырып жүрмін деп ақталмақшы болды”, – дейді Олег Калимбет.
Оларға көмекке келген учаскелік полиция инспекторы қылмыс орнына аудан орталығынан жедел тергеу тобын шақыртқан. Сезікті аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ол Мағжан Жұмабаев ауданының Екатериновка ауылының тұрғыны болып шықты. 33 жастағы ер адам Ивановкаға танысымен бірге көлікпен келгенін және жылқы ұрламақшы болғанын мойындады. Өзімен бірге арқан және жүген ала шыққан. Қылмыстық іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары “Көршілер бақылауын” барлық 13 ауданда жүргізуді жоспарлап отыр.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp