«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РАУШАН – ҮЗДІК ПСИХОЛОГ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ақыл – жасқа, қына тасқа бітеді” демей ме халық даналығы. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың педагог-психологі Раушан Қазбекова – қатарластары түгіл, әріптестерінен оза шапқан жастардың бірі.

Білім жүйесінде екі жылдан бері еңбек етіп жүрген жас маман үстіміздегі жылы “Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технология орталығы” өткізген “Үздік психолог кабинеті” конкурсында қазақтілді мектептердің арасында жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы жетістігімен өзгелерге үлгі болған Раушан Қазбекова облыстық психолог мамандар арасында ашық дауыс беру арқылы психология және әлеуметтік педагогика мәселелері жөніндегі оқушылардың “Лабиринт” ғылыми қоғамының төрайымы болып сайланды. Мұны оның біліктілігіне көрсетілген сенім деп бағалауға болады. Алдағы уақытта “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында орта мектептер ұйымдары арасында өтетін “Жылдың үздік психологі” республикалық конкурсына қатысатын ол “Менің мамандығым – психолог” тақырыбына эссе жазып, түрлі сынақтардан өтеді. Өз-өзіне сенімді, жігерлі маман бұған да дайын.
Арайлым СМАҒҰЛОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp