«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАҢАША БАҒЫТТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында “Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жаңаша көзқарастар” тақырыбы бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған курсқа өңіріміздің сынып жетекшілері жиналды. Онда ұстаздар қазіргі тәрбие берудің заман талабына сай бағыттарымен танысты. Ата-аналар мен балалардың сұранысына сай тәрбиені әртүрлі бағыттар бойынша қажетті деңгейде дамыту, сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша кәсіби шеберліктерін арттырды.

Курс барысында ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепті дамытудың басым бағыттары бойынша тәрбиелік мәселелер әңгіме арқауына айналды. Еліміздің үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының мазмұны негізге алынды. Біліктілікті арттыру институтының оқытушылары дәрістерінде теориямен шектелмей, кез келген мәселені курс тыңдаушыларымен болжамды ойларды қарастырып, түйінді қағидаларды жүйеледі. Тақырыпқа байланысты қалалық оқу бөлімінің әдіскері Зәмзагүл Қарманова “Сынып жетекшісінің жұмыс жоспары және оның мазмұны” мәселесі бойынша хабарлама жасап, курс тыңдаушыларының сұрақтарына жауап берді. Жиналған сынып жетекшілері қалалық классикалық гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Қанифа Елеусізованың тәжірибесімен бөлісіп, Динара Мұқанованың 11-сыныпта жүргізген “Білімді жас – ел ертеңі” тақырыбындағы тәрбие сағатына қатысты. Біліктіліктерін арттырған ұстаздар екі апталық курстың соңында сынақ тапсырды. Онда сынып жетекшісінің іс-шаралар циклограммасы, ата-анамен жұмыстарының мазмұны, тұлғаны тәрбиелеудегі мониторинг үлгілері, жат қылықтардың алдын алу сияқты тақырыптарға дайындаған жобаларын талқыға салды. Сынып жетекшілеріне арналған алғашқы курс бұдан әрі де жалғасын тауып, әр ұстаздың оқу-тәрбие ісінде әдістемелік негіз болады.
Қарашаш ЖАМАНТАЕВА,
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы
СҚО педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp