«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АКВАРИУМ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРЕГІН заңсыз сатуға жол берілмеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәртіп сақшылары рейд шараларын жүргізу барысында Токаревка ауылындағы жеке үйлердің бірінің ауласында “КамАЗ” көлігіне қаптарды тиеп жатқан бір топ адамды ұстады. Тексере келе қаптардағы заттардың артемия уылдырығы екені белгілі болды. Дернәсілге толы 182 қап артылған “КамАЗ” бен көлік маңында болған 8 адам Мамлют аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Ұсталғандардың төртеуі Павлодар облысының тұрғындары болса, қалғандары Токаревка ауылынан болып шықты. Заңсыз ауланған биоқоспаның жалпы салмағы 8 мың килограмға жақын. Қазіргі кезде бұл факті бойынша сараптама жүргізілуде. Ұсталғандар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, жауаптары тексерілуде. Артемия салинаны, яғни су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Фото артемия салина Гульби сеть.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp