«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛМАТЫДАҒЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРНИРДЕН оқушыларымыз олжалы оралды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Таяуда Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың шәкірттері Алматы қаласында өткен оқушылардың ІІ республикалық астрономиялық турниріне қатысып, жүлделі 2-орынды еншіледі. Астротурнир “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының обсерваториясында өтті. 

Турнирге қатысушы топтың құрамы 4-5 баладан аспауы және олар турнир соңына дейін өзгеріссіз қалуы керек. Астротурнирге әр облыстан бір команда ғана жіберілді. Солтүстік Қазақстан облысының атынан барған команда құрамында Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың 11-сынып оқушылары Темірболат Әлжан, Әскербек Әбілқайыр, Самат Есенғалиев, Бейбіт Серіков болды.
Біздің оқушылар астрономиялық турнирге қатысу үшін Интернет арқылы сырттай тапсырмалар орындап, “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының сайтына жіберіп отырды. Алматыға барғанда осы жіберген тапсырмалар бойынша дебат ұйымдастырылып, ғылыми жобаларын қорғады. Оны қорғауға командалар жеребемен таңдалды.
Жобаны орыс мектептері – орыс тілінде, қазақ мектептері қазақ тілінде қорғады. Еліміз бойынша 19 команда қатысып, әр кезеңнен өте алмай қалған топ шығып қалып отырды. Іріктеу соңында қалған үш команданың екеуі орысша, бізден барған топ қазақша болды. Ақтық кезеңге шыққанда біздің балаларға өз жобаларын орысша қорғауға тура келді. Қазақ мектебінен барған оқушыларға жобаны орысша қорғау оңайға түскен жоқ, дегенмен, балалар турнир соңына дейін өз білімдерін дәлелдеп 2-орынды еншіледі.
Балалар турнирден көтеріңкі көңіл күймен оралды. Турнирдің ұйымдастырылуы мен қатысушылардың жолақысы, тамағы, жататын орынмен қамтамасыз етілуі сияқты шығындарын “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы көтерді.

Баян СӘРСЕКЕЕВА,
Әбу Досмұхамбетов атындағы
облыстық дарынды балаларға
мамандандырылған
гимназия-интернаттың
физика пәнінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp