«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕШЕ — ЗЕРТХАНА, БҮГІН — ИНСТИТУТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бибігүл БАЗМҰХАМЕТОВА,
СҚО сот сараптамасы институтының бас сарапшысы.

Алғашында мұнда небары алты маман жұмыс істеген. 1966 жылы Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің қаулысымен Қазақ сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты болып өзгертіліп, мамандары республикадағы соттардың және құқық қорғау органдарының сараптамалық зерттеу жұмыстарындағы қажеттілікті жүзеге асырды. Ал 1975 жылдан бастап институт сараптама-алдын алу бағытындағы жұмысты жүргізді, бұл орталықтың құрылымын өзгертті. Құрамында 6 бөлімі бар Алматыда орналасқан орталық аппаратқа қоса 1975-78 жылдар аралығында 10 облыстық бөлімшесін ашты.
1997 жылы Президент Жарлығымен бұл институт ҚР Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығына айналды. Сөйтіп, елде біртұтас сараптама жүйесі құрылды. Өзгерістерді нормативті бекіту және қылмыстық қудалау жүйесінен тыс сараптаманың тәуелсіз идеяларын одан әрі жүзеге асыру мақсатында 1997 жылы “Сот сараптамасы туралы” Заң қабылданып, елдегі сот сараптамасын белгілеудің және жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері анықталды.
Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына, құқық қорғау және сот жүйесінің реформалануына, ғылым мен техниканың, сонымен бірге орталықтың ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу базасының дамуына байланысты осызаманғы талаптарға жауап бере алатын сот-сараптама қызметі саласындағы жаңа заң қабылдау қажеттігі туындады. Осыған орай 2010 жылдың 20 қаңтарында “Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы” Заңға қол қойылды. Онда сараптама жүргізудің мерзімі, сот сараптамасы органы бастығының құқықтары мен міндеттері, сот-сараптама зерттеулерінің әдістемесі, тағысын тағылары заң тәртібінде белгіленді.
Бүгінгі күні орталық өз жұмысын ғылыми-өндірістік, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік бағытта жүргізіп отыр. Қазір оның құрамында басқарма аппараты және 20 аумақтық бөлімше бар. Сот сараптамасының ғылыми-өндірістік зертханалары сот сараптамасы институттары болып өзгертілді. Астанада сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты мен есірткі сот сараптамасы институты құрылды. Сот сараптамасы орталығында түрлі дәрежедегі қылмыстық және азаматтық істерді тергеу және қарастыру кезінде қажет зерттеу жүргізіледі. Сондай-ақ сот сараптамасының жаңа түрлері пайда болды, олар: технологиялық, фоноскопиялық, жарылғыш-техникалық, құрылыс-техникалық, қаржы-бюджеттік, экологиялық, компьютерлік технологиялар құралдарының, порнографиялық сипаттағы нысандардың сараптамасы, психолого-криминалистік, молекулярлық-генетикалық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp