«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР БАЙҚАУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жерлес қаламгер, классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің туған жері – Жаңажол ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында “Кемеңгер қаламының құдіреті” атты сахналық қойылымдар байқауы өтті. Шара оқушылар арасында Ғабит Мүсірепов шығармаларын насихаттау, оның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, тарихи танымдарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Аққайың, Ақжар, Жамбыл, Шал ақын, Мамлют, Қызылжар ауданының шығармашылық топтары қатысып, Ғабит Мүсіреповтің шығармалары бойынша дайындаған сахналық қойылымдарын көрермен назарына ұсынды. Оқушылар жазушының “Өлімді жеңген ана”, “Ананың арашасы”, “Ұлпан”, “Қазақ солдаты”, тағы басқа шығармаларындағы нағыз қаһарман әйелдердің бейнелерін сомдай білді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Ақжар ауданының оқушылары дайындаған “Өлімді жеңген Ана” атты қойылым 1-ші жүлделі орынды жеңіп алды. 2-орынға “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” пьесасынан үзінді көрсеткен Шал ақын ауданы М. Ахметбеков атындағы орта мектептің шығармашылық тобы ие болды. Қызылжар ауданындағы Архангелка және Жамбыл ауданы Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептердің шығармашылық топтарының дайындаған “Ананың анасы” және “Өлімді жеңген Ана” қойылымдары 3-ші жүлделі орынға лайық деп танылды.
Аталмыш іс-шараның жеңімпаздары білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Жамбыл аудандық білім бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар оқушылар мен ұстаздар қауымы Жамбыл ауданының Пресновка ауылындағы Иван Шуховтың мұражай үйінде, Қожаберген жыраудың мектепте орналасқан мұражайында болды. Сондай-ақ Сәбит ауылындағы С.Мұқановтың мұражайына да саяхат жасады, Жаңажол ауылының тұсындағы Ұлпанның бейітіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Ырысжан НҰРҒАЛИЕВА,
облыстық білім басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp