«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІШІМДІК ІШКЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР түнгі клубтардан табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәмелетке толмағандардың есірткі тұтыну, ішімдік ішу фактілерін анықтау және жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында облыс орталығындағы 6 түнгі клубта рейд жүргізілді. 

Андрей ФРОЛОВ,
“Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі.

Рейд мүшелері “Ахтамар” ойын-сауық отауын тексеру кезінде сыра ішіп отырған 20 жастағы жігітті анықтады. 21 жасқа толмаған клиентке ішімдік сатқаны үшін аталмыш түнгі клуб қожайындарына әкімшілік хаттама толтырылды. Әрі бұл клубта жұмыс істейтін даяшы қыздың 17 жаста екендігі белгілі болып, ол Петропавл қалалық ІІБ-ге шақыртылды.
Мир көшесінде орналасқан “Мохито” клубында да алкогольдік ішімдікті сату ережесін бұзу фактісі анықталды. 17 жастағы жігіт осында алкоголь ішкен. Кейін ол облыстық наркологиялық орталыққа жеткізілді. Тағы бір 17 жастағы бала да мас күйде болды. Облыс орталығындағы мектептердің бірінде оқитын жасөспірім түнгі клубқа достарымен келген. Кәмелеттік жасқа толмағандардың кешкі сағат 22-ден соң жалғыз жүрулеріне тыйым салынған. Осы заңдылықты бұзған жасөспірімнің анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Осындай рейдтік шаралар айына екі рет жүргізілетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp