Барлық мұсылман баласының басын біріктіретін Құрбан айтта облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың бүлдіршіндері өздеріне әрдайым көмек қолын ұсынатын жанашырларының ықыласынсыз қалмады. “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының, “Петропавл арақ-шарап зауыты” ЖШС-нің, ҰҚК-нің, білім, ішкі істер, кедендік бақылау, өрт сөндіру және апаттан сақтау қызметі басқармаларының, әскери прокуратураның, “Сокол” сауда үйінің, облыс бойынша нотариалдық палатаның ұжымдары және жеке кәсіпкерлер дәстүрлі әдеттерінен таймай, көңілі жарым балаларға қамқорлық танытты.
(Өз тілшімізден).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp