Петропавл қалалық ІІБ-нің жедел уәкілдері кезекшілік барысында кісі өлтіру фактісі бойынша кінәліні анықтады.
Батыр Баян көшесі бойында орналасқан үйден әйелдің мүрдесі табылған. 41 жастағы үй қожайынының жер жастанып жатқанын оның құрбысы анықтаған. Бұл әйелдің айтуынша, ол бір күн бұрын осы үйден кеткен кезде марқұмның жанында бір ер адам қалған. Іздестіру жұмыстарын жүргізе келе, қонақтың төртінші қабаттан секіріп, қашып кеткені белгілі болды. Ал жәбірленушіге келген ер адамның кім екенін, қайда тұратынын куәгер әйел жөнді айтып бере алмаған, ол күдіктінің есімін ғана білген.
Ақыры ол кісі полицейлердің қолына түсті. Тәртіп сақшылары анықталған мекенжай бойынша келген кезде есікті ашқан әйел өзімен бірге тұратын ер адамның үйде жоқтығын айтып, алдамақ болған. Алайда, күдікті сол мезетте жертөледен табылды. Оның айтуынша, марқұм әйелмен дәмханалардың бірінде танысқан. Кейін жәбірленушінің үйіне барып, бірлесіп ішімдік ішкен. Үстел басында екеуара жанжал шығып, күдікті бөтелкелесіне бірнеше рет пышақ сұққан. Оқиғадан соң, есіктен шыға алмаған ер адам терезеден секіріп кеткен.
Оның кінәсі дәлелденетін болса, 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым