Облыста тағы бір мал ұрлығы тіркелді. Қызылжар ауданының тәртіп сақшылары алты жылқыны қолды етіп, орманға байлап кеткен топты ұстады.
Қызылжар ауданындағы Қарлыға ауылының маңында жылқылардың байлаулы тұрғанын бір жергілікті тұрғын байқап қалған. Ол мән-жайды трассада кезекшілікте жүрген жол сақшыларына дереу хабарлаған. Тиісті бөлімдерге ақпарат берілген соң, аталмыш ауданның полицейлері ұрыларды құрықтау үшін орманға келеді.
Тәртіп сақшылары бұл жылқылардың Жамбыл ауданынан ұрланғандығын анықтайды. Ұрыларды оқиға орнында ұстамақ болып, олар орман ішіне жасырынады. Біраз уақыттан соң, жылқылардың жанына “Фольксваген” көлігімен келген төрт ер адам мен бір әйелді қолға түсіреді. Барлығы Петропавлдағы Жұмысшы кентінің тұрғындары болып шықты, ал Петерфельд ауылында тұратын әйел “маған ұсынылған тауарды қарауға ғана келдім” деген.
Жамбыл ауданының полицейлері табылған жылқылардың 19 қазан күні түнде Есперлі ауылынан жоғалғанын растады. Ұрылар іс-қимылдарын алдын ала жоспарлап қойған. Олардың бірі такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Күдіктілер соның көлігімен Есперлі ауылының маңындағы қашаға келіп, жылқыларды шығарып, қала маңына алып келген. Қарлығаның маңындағы орманда малды әлгі әйел сатып алу керектін.
Қылмыстық іс қозғалды. Ұрылардың өзге мал ұрлығы фактілеріне қатыстылығы тексерілуде.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp