Василий ЧАЙКИН,
“Тайынша психоневрологиялық
интернат-үйі” КММ-нің директоры.
Біздің интернат-үйіміз 1993 жылы ашылған болатын. Бүгінгі күні мұнда ұзаққа созылатын психикалық аурулардың ауыр түрімен зардап шегетін 500 мүгедек тұрып жатыр. Диагноздарының ауыр екеніне қарамастан, әр тұрғынның толыққанды өмір сүруін көздейтін интернат-үйіміздің мамандары күн сайын көп жұмыс атқаруда. Ол үшін тұрғындар кез келген еңбек түрімен шұғылдана алатын әрі қызығушылықтары бойынша мынадай үйірмелер ұйымдастырылды: “Тігу ісі”, “Етік жөндеу ісі”, “Ағаш шебері”, “Қол еңбегі”, “Үй шаруашылығы”. Нәтижесінде олар өздері сурет салады, тоқиды, тігеді, күйдіру арқылы өрнектер жасайды, бисермен әдемі әртүрлі өрнектер өреді және өз еріктерімен тәтті тағамдар да даярлай алады. Сондай-ақ мәдени үйірмелер бар: “Көркем сөз”, “Би ырғағында”, “Өлең айту”, “Әуен”. Ондағылар хорға және ән айтуға қатысады, билейді, музыкалық аспаптарда ойнайды, оқиды және өлең шығарады. Сондай-ақ әртүрлі әдебиет, қызықты журналдар, мерзімді басылым ұсынылған оқырмандар залына баруға мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар интернат-үйде спортпен шұғылдануға назар аударылады. Спартакиадалардағы спортшыларымыздың сан жеңісі – осының айғағы. Волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, дартс секцияларында шұғылданады, жеңіл атлетика бойынша жарыстар өткізіледі. Денсаулықты нығайту үшін тренажер залы жұмыс істейді.
Мүгедектер мен қарт адамдарды қолдау айлығының шеңберінде интернат-үйімізде небір шаралар ұйымдастырылды. Дене тәрбиесі мұғалімдері “Көңілді мәре” спорт жарысын ұйымдастырды, оған қатысушылар өздерінің ептіліктерін, күштіліктерін көрсетті. Жарыс аяқталған соң әр қатысушыға салтанатты түрде грамоталар табыс етілді.
Қонақтар және интернат-үйіміздің тұрғындары үшін көрерменөнерпаздар концерті ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаға қатысушылар саны 40 адамнан құрылған хор ашты. Ол орыс халық әндерін, лирикалық және эстрадалық әндерді орындады. Шеберлеріміздің жұмыстарын ұсыну үшін интернат-үйінің холында көрме ұйымдастырылды. Онда ұсынылған тоқыма, тігін бұйымдары, жұмсақ ойыншықтар, аппликациялар, қамырдан жасалған ойыншықтар, суреттер ешкімді бейжай қалдырмады.
Әрине, сыртқы әдемілік пен қарапайымдылықта ұжымымыздың ауыр және үлкен еңбегі бар.
Интернат қабырғасында жақсы өмір сүруді қалыптастыру үшін әр қызметші өз күшін, шыдамдылығын және жанын салады. Құрметті демалысқа шыққан қызметкерлер де назардан тыс қалған жоқ. Ұзақ жылғы мүлтіксіз еңбектері үшін оларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.