Велоспорттан екі айға созылған облыс біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жас велошабандоздар жекелей сында, екінші кезеңде – топтық, ал үшінші және төртінші кезеңдерде айналмалы жарысқа шықты. Қатысушылардың жалпы саны 100 шамасына жетті. Олар жасына қарай екі топқа бөлінді.
1996 жылы туған Александр Самусенко жекелей сында 20 км. қашықтықты 29,31 минутта жүріп өтіп, үздік көрсеткішке қол жеткізді. Жеңімпаздың жылдамдығы 40,6 км./сағ.-ты құрады. Ал топтық кезеңде ол 50 километрді 1,12 сағатта бағындырып, облыс чемпионы атанды.
13 жастан кішілер тобында жекелей сында Сергей Мальцев чемпион болды. Ол 10 километрді 15,57 минут ішінде жүріп өтті. Жылдамдығы – 37,6 км/сағат. Сергейдің 3 және 4-кезеңдерде де бағы жанды. 5 және 6 айналымнан тұратын жарыста да Сергейге тең келетін ешкім болмады. 25 кіші айналымы бар кросс-кантридан да Сергей өзінің шеберлігін танытып, Винокуровтың ізбасары бола алатындығын көрсетті.
Қоржынын бірнеше жүлдемен майлағандардың қатарында Кирилл Вяткин де бар. Ол 14 жастан жоғары топтың 3 және 4-кезеңдерінде чемпион атанды.
Сонымен қатар 20 километрге топтық жарыста Никита Кабачек өзінің бірінші екенін көрсетті. Және 25 үлкен айналымдық кросс-кантриде Арман Турлин жеңімпаз болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp