«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА заң бұзушылықтар әшкереленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2012 жылдың 9 айында бақылаумен 178 нысан қамтылды, оның 152-сі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын нысандар.
Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы – 12 459 млн. теңге, соның ішінде 80 пайызы немесе 9 954,9 млн. теңгесі – қаржылық бұзушылықтар; 10 пайызы немесе 1 291,6 млн. теңгесі – жергілікті бюджеттердің әзірлеу, бекіту және нақтылау тәртібін бұзушылықтар; 9 пайызы немесе 1 105,6 млн. теңгесі – мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар; 1 пайызы немесе 106,9 млн. теңге – бюджеттік рәсімдер тәртібін және бюджеттік есептілікті жүргізуге қатысты заң бұзушылықтар.
Сонымен қатар инспекцияның тексеріске құқық қорғау органдары маман ретінде тартқан қызметкерлері жалпы сомасы 3 388, 2 млн. теңгенің бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзушылықтарды анықтады.
Инспекция анықтаған қаржы тәртібін бұзушылықтардың жалпы сомасынан 1 195,1 млн. теңге өтелуге және қалпына келтіруге жатады. Қолданылған шаралар нәтижесінде бюджет кірісіне оның 24,3 млн. теңгесі аударылды, 156,3 млн. теңге қалпына келтірілді.
Бақылау қорытындылары бойынша 288 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде: 169 – ескерту, 105 – сөгіс, 14 – қатаң сөгіс. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалардың 40-ы – бақылау нысандарының бірінші басшылары.
Инспекция Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыс бойынша тәртіптік кеңесіне сыбайлас жемқорлықтың айқын белгілері бар заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыруға бақылау материалдарын жіберу тәжірибесін жалғастыруда. Олардың қорытындылары бойынша тәртіптік кеңес 4 атқарушы органның басшыларына сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданып, ұсыныс енгізді.
ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жібергені үшін лауазымды тұлғаларға 7 610,9 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы 45 қаулы қабылданды. Оның 3 492, 2 мың теңгесі немесе 45 пайызы бюджет кірісіне өтелді.
Бақылау нысандарына жіберілген заң бұзушылықтарды, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстардың негізінде 5 мемлекеттік сатып алудың қорытындылары күшін жойды.
Процессуалды шешім қабылдау үшін жалпы 6 403,5 млн. теңге сомасындағы 64 бақылау материалы құқық қорғау органдарына тапсырылды, оның ішінде қаржы полициясына – 32 (1 656,3 млн. теңге), прокуратураға – 32 (4 747, 2 млн. теңге). Сотқа заң бұза отырып пайдаланылған бюджет сомасын өтеу, мемлекеттік сатып алудың қорытындыларының күшін жою және мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жарамсыздығы туралы 5 талап-арыз тапсырылды. Бүгінгі күні олардың 2-еуі қанағаттандырылды, қалғаны қарастырылуда.
Өткен тоқсанда инспекция облыстық прокуратурамен бірлесіп “Нұрлы көш” және “Ақ бұлақ” бағдарламаларына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылау жүргізді. Нәтижесінде жалпы 1 356,8 млн. теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Соның ішінде: қаржы тәртібін бұзушылықтар – 1 347,6 млн. теңге; бюджеттік есептілікті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру ережелерін бұзушылық – 7,5 млн. теңге; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар – 1,7 млн. теңге. Заң бұзушылықтар негізінен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобалау-сметалық құжаттама бойынша нысандардың құрылысына қажетті қаражатты жоспарлау, қаржыны артық жоспарлау, орындалмаған құрылыс жұмыстары үшін ақы төлеу, қаржылық есептілікте көрсетілуге тиісті деректерді жасыру, мемлекеттің бюджеттік қаражатын және активтерін тиімсіз пайдалану, жеткізушілерді таңдауды реттейтін нормаларды қолданусыз мемлекеттік сатып алулар өткізу және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасау сияқты жайттарға қатысты болды.
2011-2014 жылдарға арналған ҚР-дағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуына жүргізілген жоспарлы бақылаудың нәтижесінде жалпы 1 292,6 млн. теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда: қаржылық – 1 163,4 млн. теңге; бюджеттік есептілікті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру ережелерін бұзушылық – 80,9 млн. теңге; мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары – 46,4 млн. теңге. Заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға негізсіз өзгерістер мен қосымшалар енгізу, құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімін бұзу, үйлердің құрылысы бойынша орындалмаған жұмыстарға негізсіз ақы төлеу, аванс төлемдерін төлеу тәртібін бұзуда жіберілген және т.б.
“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылау нәтижесінде жалпы 286,3 млн. теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Соның ішінде қаржылық заң бұзушылықтар – 220,4 млн. теңге; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар – 46,4 млн. теңге. Олар бағдарламаға қатысушыларды оқытуға қаржының артық бөлінуінде; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін негізсіз қолда-нуда; біліктілік талаптарына сай келмейтін микрокредиттік ұйымды конкурстың жеңімпазы деп негізсіз анықтауда; түпкілікті қарыз алушыларға микрокредитті беруде тәртіптің бұзылуында көрініс тапты және т.б.
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерден ауызсуды беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылуын бақылау нәтижесінде су пайдаланушылардың су беру орындарына нақты берілмеген ауызсуға 2,8 млн. теңге сомасында субсидия артық аударылғаны анықталды. Инспекция анықталған заң бұзушылықтарды және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жіберді.

Облыстық қаржылық бақылау инспекциясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp