«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“КаР-Тел” ЖШС (Қазақстандағы Beeline сауда белгісі) мобильді Интернет қызметін пайдаланушылар үшін арнайы жасалған http://mo.beeline.kz сайтын іске қосқанын хабарлайды.

Қазіргі таңда клиенттер өз қажеттіліктерін толықтай өтейтін тарифті таңдап, компанияның өзекті ұсыныстары топтамасы туралы толығырақ біле алады. “Мобильді Интернет” қызметін пайдаланушылар үшін арнайы сайт жасау кездейсоқтық емес. Қазіргі кезде мобильді Интернетті қолайлы пайдалану үшін біз клиенттеріміздің қажеттіліктерін толық өтейтін қызметтердің кең таңдауын ұсынамыз. Сайт пайда болған соң абоненттер еш қиындықсыз өз телефонын, планшетін немесе USB-модемін баптау бойынша нұсқаулықтар алып, компанияның соңғы жаңалықтары мен акциялары туралы хабардар бола алады”, – дейді “КаР-Тел” ЖШС-нің қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі жетекшісінің міндетін атқарушысы Байрам Азизов.
Браузер арқылы жұмыс жасайтын сайттың үйреншікті веб-версиясымен қатар клиенттерге сайттың мобильді нұсқасы да қолжетімді. Яғни, енді мобильді телефондар мен планшеттердің пайдаланушылары http://mo.beeline.kz адресі бойынша орналасқан сайттың артықшылықтарын пайдалана алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp