Шал ақын ауданындағы Новопокровка ауылының маңында “Нива” автокөлігіне мінген белгісіз адамдардың заңсыз аң аулап жүргенін осы салаға жауапты маман байқаған. Браконьерлерді тоқтатпақ болған кезінде “Нива” жылдамдықты күшейтіп, алыстап кеткен. Бірақ көлікке мінгендер Волошинка ауылының маңындағы шіліктен шыға алмай қалған. Құқық бұзушылар оқиға орнынан көлікпен қашып құтылу мүмкін еместігін түсінген соң жан-жаққа бытыраған. Тіпті, соңдарынан қуған адамға оқ атқан. Көлікті тінту барысында жүк салғышынан елік пен қоянның ұшалары табылды. Бұдан басқа мылтық пен қашып кеткендердің бірінің жеке куәлігі, сонымен бірге көліктің техникалық төлқұжаты анықталды.
Жоғарыдағы оқиға бойынша браконьерлер құрықталып, бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 13.11.2024
- 1 қаралым
- 13.11.2024
- 0 қаралым
- 13.11.2024
- 3 қаралым
- 13.11.2024
- 1 қаралым
- 13.11.2024
- 0 қаралым