«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОМПЬЮТЕР КӨМЕГІМЕН болат кесуші шебер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде “ЗИКСТО” акционерлік қоғамы да өндіріске бірқатар технологиялық жаңғыртулар енгізуде. Жаңартылған өндіріс құрал-жабдықтары кәсіпорынның өнімділігін арттырып, жұмысшыларға жаңа серпінмен еңбек етуге мүмкіндік тудырып отыр. Болатты лазермен кесу аппараттары өндіріске енгізілгелі кәсіпорындағы өнімділік пен сапа артқан. Сонымен қатар акционерлік қоғамның ұжымы заманауи техникалардың құлағында ойнайтын жас кадрлармен толыға түсті.
Облыс орталығындағы кәсіптік-техникалық лицейді бітірген Николай Титов былтырдан бері зауыттағы плазмалық кескіш аппаратының операторы болып еңбек етеді. Компьютерді жақсы меңгерген Николай Ивановичке аз уақыттың ішінде бұл қызметті игеріп алу қиындық тудырмаған. “Аппаратқа қажетті пішіннің компьютерлік бағдарламасы салынғаннан кейін мен оның жұмысын ғана қадағалап тұрамын. Темірді плазмамен кесу ыңғайлы. Компьютерге салынған жоспармен кез келген пішінді жасап алуға болады. Ең бастысы бұл тәсіл өнімнің сапасын арттырып, мөлшерден тыс ысырапқа жол бермейді”, – дейді жас маман.
СУРЕТТЕ: оператор Николай Титов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp