Облыс орталығындағы К. Сүтішев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілердің өтпе жолында 50 жастағы әйел адамды көлік соғып кетті.
“Москвич-412” автокөлігі доңғалақтарының астында қалған қала тұрғыны түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жөнелтілді. Анықталғандай, оқиғаға кінәлі 59 жастағы Заречный кентінің тұрғыны сол күні жаңадан сатып алған көлігіне алғаш мінген. 30 жыл мотоцикл жүргізіп келген ер адамның өзі бұл жағдайға аңтаң. Оның айтуынша, көше бойымен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан алыс емес жердегі бағдаршамның жасыл түсі сөне бастаған кезде қатты толқығанынан тежеу педалінің орнына газды басып қалған. Осы сәтте әлгі әйел жолды кесіп өтіп бара жатқан.
Оқиға бойынша материал жиналды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.