«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШЫҚ ХАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚазАгро холдингі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (бұдан әрі – АШТӨ) қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны тиімді дамытуды өзінің негізгі басым міндеті деп санайды.
Сондықтан да АШТӨ-нің несие қаражатына қолжетімділігін кеңейту – біздің негізгі мақсатымыз.
Осы мақсатқа жетудің негізгі кедергісі қарыз алушылардың кепілдікті қамсыздандыруларының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, сондай-ақ несие алу үшін құжаттар топтамасын жинаудың күрделенген үдерісі болып табылады.
Ал егер бірінші мәселені шешу ұзақ уақытты қажет ететін болса, онда екінші мәселе қысқа мерзім ішінде шешіледі және шешілуі тиіс. Бізде бұл мәселе бойынша пайымдау бар.
Холдингтің, еншілес акционерлік қоғамдардың, “Қазақстан Фермерлерінің одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің, “Атамекен” одағы” Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының қызметкерлерін тарту арқылы біз сарапшылардың жұмыс тобын құрдық, ол осы бағыттағы жұмысын бастап кетті.
Қазіргі таңда мемлекетімізде тұрғындардың түрлі нысандағы ақпараттық қызмет пен анықтамаларға қолжетімділігін жеңілдету үшін көлемді жұмыс жасалды – Egov.kz Электрондық үкімет порталы жетілдірілді, банктерде Интернет-банкингтің түрлі жүйелері енгізілді, бірақ әлі де болса халықтың АШТӨ несиеге қол жеткізу мәселесі шешілген жоқ. Несие алу үдерісі түрлі анық-тамаларды, құжаттарды жинауды қажет етеді, бұл фермердің тұратын жерінің алыс болуымен қоса едәуір кедергі тудырады және АШТӨ қолдаудың айналасында келеңсіз ареол құрады.
Мен жалпы қоғамның осы мәселені шешу барысында сыртқары қалып қоймауы қажет деп есептеймін. Барлық мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар осы үдеріске қатысуы тиіс, өйткені азық-түлік қауіпіздігі мәселесі – Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына қойған басты міндеттердің бірі.
Осы ретте, бізге аталған мәселе бойынша Сіздердің пікірлеріңізді білу ауадай қажет. Сіздердің тараптарыңыздан жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға ықпалын тигізетін кез келген ұсыныс пен идея біз үшін аса маңызды.
Қоғамдық пікір алмасу арқылы, біз тұжырымды шешім табамыз және соңында тиімді нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімдімін.
Тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына электрондық мекенжайға жолдауларыңызды сұраймын: info@kazagro.kz
Құрметпен,
Дулат АЙТЖАНОВ,
“ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингі”
АҚ басқарма төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp