«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КҮНШУАҚТЫҢ” ЕНДІ АТЫНА ЗАТЫ САЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күлбан ЕСЕНОВА, “Күншуақ” балабақшасының меңгерушісі.

“Солнышко” балабақшасы – сонау 1969 жылдары салынып, тоқырау заманында тұғырынан таймай, кейін “Күншуақ” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылып, жанашыр жандардың арқасында әлі күнге дейін жұмысын тоқтатпай келе жатқан сәбилер ошағы. Мұнда бүгінгі күні алты топта 150 бала тәрбиеленуде. 40 жылдан астам тарихы бар балабақшада барлық жағдай жасалған.
“Балапан” бағдарламасының аясында Уәлиханов ауданы әкімдігінің басшылығымен және қолдауымен балабақшаның ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Ал оны күрделі жөндеуден өткізуге демеушілік көмек көрсеткен инвестор – “Қазатомпром”, “Семізбай” ЖШС. Жөндеу жұмыстарын Б.Ахметов басқаратын “Мегастрой” ЖШС жүргізді. Бұған дейін ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған, балабақшаның төбесі, есік-терезелері тозған болатын. Өрт сөндіру қызметінің талабы бойынша жылыту қазандығы балабақша ғимаратынан жеке болуы тиіс.
Осы талаптарды ескере келе балабақшаның төбесі толық жаңа шатырмен жабылды, есік-терезелері пластикалық түрлерімен ауыстырылды, іштегі жылыту қазандығы сыртқа шығарылып, жаңа қазандық салынды, жеке кір жуатын блок (3 бөлмеден тұрады), әдістемелік кабинет іске қосылды. Тамақ әзірлейтін бөлме мен асхана да балаларға және жұмыс істейтін қызметкерлерге жайлы болды. Сондай-ақ қазіргі заманға сай санитарлық желі өткізіліп, кәріз қазылды, су жылыту үшін “Аристон” құрылғысы орнатылды.
Біздің мекемеге ауқымды көмек көрсеткен “Семізбай” ЖШС-нің басшысы И.Цой мырзаға айтар алғысымыз шексіз. Жөндеу жұмыстарын жасаған “Мегастрой” ЖШС-нің басшысы, өз еліміздің азаматы, ақкөңіл де кеңпейілді жан Бақытжан Сұлтанұлының еңбегі зор. Оның өз атынан біздің асханамызға 20 үстел мен 80 орындық сыйлауы – осының айғағы.
Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp