«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚҰЛАГЕР” ИППОДРОМЫНДА ат спорты маусымы аяқталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұма күні Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында ат спорты маусымының жабылуына арналған жарыс болып өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысып, шабандоздарды игілікті шарамен құттықтады.

  Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,
журналист.

– Бүгінгі күні облысымызда ұлттық ат спортының 7 түрі дамып отыр. Оларға қатысатындар саны 1041 адамды құрайды. 2000 жылдан бері ат спортын дамыту мақсатында облыстық спартакиада өткізіліп келеді. Төрт жылдан бері “Құлагер” ипподромы негізінде ат спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) жұмыс істейді. Биыл онда 5 спорт шеберлігіне үміткер әзірленді. Спорт мектебінің тәрбиеленушілері жыл сайын әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Биыл Жеңіс күнін мерекелеу аясында Қарағанды қаласында өткен “Жорға жарыста” Қажымұрат Зариповтың “Хилтон” атымен додаға қатысқан облыс шабандозы бас жүлдені жеңіп алды. Ат спорты бойынша Астанада өткен Еуразия кубогында “Құнан бәйгеде” шабандоз Фархад Жайлиев “Болашақ” сәйгүлігімен чемпион атанды. БЖСМ тәрбиеленушілері арасында ұлттық ат спорты түрлері бо-йынша шілде айында Павлодарда өткен бірінші чемпионатта Ержан Әскеров аударыспақтан 3-ші нәтиже көрсетсе, қыркүйек айында Ақмола облысының ат спорты маусымының жабылуына арналған “Жорға жарыста” Павел Литвинов көш бастады, – дей келіп, Айдарбек Сапаров ат спортының ұлттық түрлерінен сынға түскелі отырған 50 шабандозға сәттілік тіледі.
Ат спорты маусымының жабылу додасына өзге өңірдің спортшылары да қатысты. Әсіресе, аламан бәйгеге қатысушылар қатары қалың болды. Барлығы 21 шабандоз. Тартысты өткен сынақта айыртаулық С.Жексенбаевтың, астаналық Э.Сүлейманов пен А.Шадымовтың, қызылжарлық Ә.Нұрметов пен П.Литвиновтың, тайыншалық А.Есімовтің, мүсіреповтік А.Миронюктің, жұмабаевтық В. Ткачуктың мерейі үстем болып, бас жүлделерді жеңіп алды.

Суретті түсірген
Вадим МУДАРИСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp