«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру” мемлекеттік қызмет регламенті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №253 қаулысымен бекітілді

1. Жалпы ережелер
1. “Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру” мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) “Әкімшілік рәсімдер туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызмет жер теліміне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акт әзірлейтін Жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің жер ресурстарын және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік еншілес кәсіпорынның (СолтҚаз филиалы ҒӨО жер) (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорын) қатысуымен “Солтүстік Қазақстан облысының жер қатыныстары басқармасы” мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет жер телімінің орналасқан жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетілуі мүмкін.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 34 және 43-баптары, “Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысы, “Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №102 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына актіні немесе жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт телқұжатын немесе жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетумен қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік заңды тұлғаларға көрсетіледі. (бұдан әрі – тұтынушы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет:
Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, С.Мұқанов көшесі, 58 мекенжайы бойынша уәкiлеттi орган ғимаратында көрсетiледi, телефон: 8 (7152) 53-12-66;
5-қосымшаға сәйкес Орталық ғимаратында көрсетiледi.
8. Мемлекеттік қызмет мынадай жағдайда көрсетіледі:
Уәкілетті органға өтініш берген жағдайда:
аптасына бес жұмыс күн, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Орталыққа өтініш берген жағдайда:
аптасына алты жұмыс күн, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, СҚО ХҚКО – үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күні – жексенбі қызмет атқарады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекенжайлары мен жұмыс кестесі осы Регламенттің 7, 8-тармақтарында көрсетілген Орталықта немесе уәкілетті органда алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде және www.yzo.sko.kz уәкілетті органның Интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттарды осы Регламенттің 16 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған уақытынан бастап 6 жұмыс күні ішінде, жер теліміне жеке меншік құқығына акт телқұжатын беру кезінде 4 жұмыс күні ішінде;
құжаттарды тапсыру және алу кезіндегі кезекті күту мерзімі 30 минуттан аспайды;
құжаттарды тапсыру және алу кезіндегі қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды.
11. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, уәкілетті органға немесе Орталыққа 4-қосымшаға сәйкес шамасында тұрақты жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызмет ақысын төлегені туралы құжатты (түбіртекті) береді.
Тұрақты жер пайдалану құқығына актіні дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы мамандандырылған кәсіпорынның есепшотына не мамандандырылған кәсіпорынның кассасында жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын төлем құжатын береді.
12. Тұтынушы осы Регламенттің 16-тармағында көрсетілген сәйкес құжаттарды бермеген жағдайда уәкілетті орган немесе Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызмет мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
1) осы жер телімі бойынша сот шешімдері болғанда немесе жүріп жатқан сот талқылауы туралы хабарлама болғанда;
2) заңнама нормаларын бұзуды жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актісі болғанда;
3) бір теліміне құқықтарын ресімдеуге қатысты бірнеше өтініш болғанда немесе ресімдеу процесінде осы жер телімінің басқа пайдаланушыларын анықтаған жағдайда.
Жер телімдеріне құқықтарын ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтату үшін негіз бола-тын жағдайларды анықтау мерзіміне дейін, ал бірнеше өтініштің түсу себептері бойынша тараптардың келісімге келуі немесе сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтату деп саналады.
Жер телімдеріне құқықтарын ресімдеуді тоқтату туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Тұтынушыға жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт ресімдеу кезінде болмаған құжатты және тоқтату мерзімі, тұтынушының ресімдеуді тоқтату себептерін жою үшін бұдан әрі жасалатын әрекеттерді көрсетумен жазбаша түрде хабарлама жолданады.
13. Тұтынушының мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген уақытынан бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген уақытқа дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері
уәкілетті орган арқылы:
1) тұтынушы уәкілетті органға тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (акт телқұжатын) беру туралы өтініш береді;
2) уәкілетті орган қызметшісі өтінішті тіркейді; тұтынушыға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріп, өтініш пен қажетті құжатттарды басшылыққа жолдайды;
3) уәкілетті орган басшылығы жауапты қызметшіні анықтайды;
4) уәкілетті органның жауапты қызметшісі тұтынушының барлық қажетті құжаттарын тұрақты жер пайдалану құқығына акт (акт телқұжатын) әзірлеуге мамандандырылған кәсіпорынға ілеспе хатпен жолдайды немесе басшылыққа қол қоюға дәлелді бас тарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама әзірлейді;
5) мамандандырылған кәсіпорын уәкілетті органның акт (акт телқұжатын) әзірлеу туралы сұрауын қарайды, акт (акт телқұжатын) әзірлейді, уәкілетті органға акт (акт телқұжатын) жолдайды;
6) уәкілетті органның жауапты қызметшісі басшылыққа тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (акт телқұжатын) қол қою үшін жолдайды; елтаңба мөрімен бекітіп тұтынушыға тұрақты жер пайдалану құқығына актіні немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама береді.
Орталық арқылы:
1) тұтынушы Орталыққа акт (акт телқұжатын) беру туралы өтініш береді;
2) Орталық инспекторы өтінішті тіркейді және тұтынушыға сәйкесінше құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді және өтініш пен қажетті құжаттарды Орталықтың жинақтаушы бөлім инспекторына жолдайды;
3) Орталықтың жинақтаушы бөлім инспекторы құжаттар жинағын жүзеге асырып, тізім жасайды, құжаттарды уәкілетті органға жолдайды;
4) уәкілетті орган қызметшісі өтінішті тіркейді және қажетті құжаттарды басшылыққа тапсырады;
5) уәкілетті орган басшылығы жауапты қызметшіні белгілейді;
6) уәкілетті органның жауапты қызметшісі тұрақты жер пайдалану (акт телқұжатын) құқығына актіні ресімдеу үшін мамандандырылған кәсіпорынға тұтынушының барлық қажетті құжаттарын ілеспе хатпен немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тартуға басшылыққа қол қою үшін әзірлейді;
7) мамандандырылған кәсіпорын уәкілетті органның акт (акт телқұжатын) әзірлеу туралы сұрауын қарайды, акт (акт телқұжатын) әзірлейді, уәкілетті органға акт (акт телқұжатын) жолдайды;
8) уәкілетті органның жауапты қызметшісі басшылыққа қол қою үшін тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (акт телқұжатын) жолдайды, елтаңба мөрімен бекітіп, актіні (акт телқұжатын) Орта-лықтың жинақтаушы бөлім инспекторына жолдайды;
9) Орталықтың жинақтаушы бөлім инспекторы құжаттарды Орталық инспекторына тапсырады;
10) Орталық инспекторы тұтынушыға акт (акт телқұжатын) немесе дәлелді бас тарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама береді.
14. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғаның ең төмен саны бір қызметкерді құрайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекеттер
(өзара әрекеттер) тәртібіне сипаттама
15. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау уәкілетті органның жауапты орындаушысы арқылы жүзеге асырылады.
Орталықта құжаттарды қабылдау “терезелер” арқылы жүзеге асырылады, онда “терезелердің” бағытталуы мен орындалатын қызметтері туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Құжаттарды Орталыққа немесе уәкілетті органға тапсырғаннан кейін тұтынушыға төмендегілерді көрсетумен сәйкесінше құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
сұрауды қабылдау нөмірі мен датасы;
сұралатын мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;
құжаттарды беру датасы, уақыты және орны;
мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының немесе уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы.
16. Тұрақты жер пайдалану құқығына акт немесе тұрақты жер пайдалану құқығына акт түбіртегін беру үшін Орталыққа немесе уәкілетті органға келесі құжаттар ұсынылу қажет:
1) мемлекеттің тұрақты жер пайдалану құқығын беру кезінде:
осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт беру үшін уәкілетті органға өтініш;
жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінен үзіндінің көшірмесі;
уәкілетті органмен бекітілген жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер телімінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі;
салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН);
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт әзірлеу қызметіне төлем туралы құжат (түбіртек);
өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмесін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, тексерістен кейін тұтынушыға қайтарылады;
2) жер телімінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерткен жағдайда:
осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт беру үшін уәкілетті органға өтініш;
тұрақты жер пайдалану құқығына ертеде берілген жер телімінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзіндінің көшірмесі және/немесе жер телімінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертуді куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі;
уәкілетті органмен бекітілген жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер телімінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі;
салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТН);
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт әзірлеу қызметіне төлем туралы құжат (түбіртек);
тұтынушының жеке тұлғасын куәландыратын құжатының көшірмесі, немесе тұтынушы сенімхатының және сенімді тұлғаның жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмесін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, тексерістен кейін тұтынушыға қайтарылады;
3) жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт телқұжатын беру кезінде:
осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт телқұжатын беру үшін уәкілетті органға өтініш;
жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт әзірлеу қызметіне төлем туралы құжат (түбіртек);
тұтынушының жеке тұлғасын куәландыратын құжатының көшірмесі;
жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына акт түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы жария-ланған хабарландырумен жер телімінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің данасы.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмесін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, тексерістен кейін тұтынушыға қайтарылады.
17. Өтініш бланкілері уәкілетті органда болады.
Орталықта өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы үстелшеде немесе Орталық консультанттарында болады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – СФЕ) әрекет жасайды:
1) Орталық инспекторы;
2) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы;
3) уәкілетті органның жауапты қызметшісі;
4) уәкілетті органның басшылығы;
5) мамандандырылған кәсіпорынның кеңсесі;
6) мамандандырылған кәсіпорын басшылығы;
7) мамандандырылған кәсіпорынның қабылдау және беру тобы;
8) мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік құрылымдық бөлімшесі.
19. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) сабақтастығы мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімін көрсетумен осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық сабақтастығы арасындағы өзара әрекетті көрсететін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органның, Орталықтың, мамандандырылған кәсіпорынның және оның өндірістік бөлім-шелерінің басшылары мен лауазымды тұлғалары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар олармен қабылданатын шешімдерге және мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекеттерге (әрекетсіздік), мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртібінде белгіленген мерзімде жүзеге асыруға жауап береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp