«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №253 қаулысымен бекітілді 

1. Жалпы ережелер

1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызмет жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акт әзірлейтін Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы Солтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (СолтҚаз филиал ҒӨОжер) (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорын) қатысуымен «Солтүстік Қазақстан облысының жер қатыныстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетілуі мүмкін.


3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 35, 36 және 43-баптары және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысы, «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №102 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беру немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – тұтынушы).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет:
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, С.Мұқанов көшесі, 58 мекенжайы бойынша уәкiлеттi орган ғимаратында, телефон: 8 (7152) 53-12-66;
5-қосымшаға сәйкес мекенжайлар бойынша Орталық ғимаратында көрсетiледi.
8. Мемлекеттік қызмет:
уәкілетті органға өтініш білдірген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес жұмыс күні, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
аптасына алты жұмыс күн, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін, СҚО ХҚКО – үзіліссіз сағат 9.00-ден 20-00-ге дейінгі, демалыс күні – жексенбі қызмет атқарады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекен-жайлары мен жұмыс кестесі осы Регламенттің 7, 8-тармақтарында көрсетілген Орталықтан немесе уәкілетті органнан алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде және www.yzo.sko.kz уәкілетті органның интернет – ресурсында орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Тұтынушы осы Регламенттің 16-тармағында анықталған құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 6 жұмыс күні, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде 4 жұмыс күні ішінде;
құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
11. Мемлекеттік қызмет 4-қосымшаға сәйкес мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызмет ақысын төлегені туралы құжатты (түбіртекті) уәкілетті органға немесе Орталыққа берумен ақылы негізде көрсетіледі.
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын төлем құжатын беретін екінші деңгейдегі банктер арқылы мамандандырылған кәсіпорынның есеп-шотына не мамандандырылған кәсіпорынның кассасында жүргізіледі.
12. Тұтынушы осы Регламенттің 16-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды бермеген жағдайда уәкілетті орган немесе Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызмет мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
1) аталған жер учаскесі бойынша сот шешімдері болғанда немесе жүріп жатқан сот талқылауы туралы хабарлама болғанда;
2) заңнама нормаларын бұзуды жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актісі болғанда;
3) бір учаскеге құқықты ресімдеуге қатысты бірнеше өтініш болғанда немесе ресімдеу үдерісінде осы жер учаскесінің басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.
Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтата тұру тоқтата тұру үшін негіз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейін, ал бірнеше өтініштер түсу себептері бойынша тараптар арасында келісім орнатылғанға дейінгі не заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылғанға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған деп есептелінеді.
Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Тұтынушыға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні ресімдеуді тоқтата тұруға негіз болған құжатты және тоқтатат тұру мерзімдерін көрсете отырып, ресімдеуді тоқтата тұру себептерін жою үшін тұтынушының кейінгі іс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.
13. Тұтынушының мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген уақытынан бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген уақытқа дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері
уәкілетті орган арқылы:
1) тұтынушы уәкілетті органға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акт телнұсқасын беру туралы өтініш береді;
2) уәкілетті орган қызметшісі өтінішті тіркейді және тұтынушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді және өтініш пен қажетті құжаттарды басшылыққа жолдайды;
3) уәкілетті орган басшылығы жауапты қызметшіні анық-тайды;
4) уәкілетті органның жауапты қызметшісі тұтынушының барлық қажетті құжаттарын уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акт (акт телнұсқасын) ресімдеу үшін мамандандырылған кәсіпорынға жолдайды немесе басшылыққа қол қою үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту немесе тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама әзірлейді;
5) мамандандырылған кәсіпорын уәкілетті органның актіні (акт телнұсқасын) әзірлеу туралы сұрауын қарайды, акт (акт телнұсқасын) әзірлейді, уәкілетті органға актіні (акт телнұс-қасын) жолдайды;
6) уәкілетті органның жауапты қызметшісі басшылыққа қол қою үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні (акт телнұсқасын) жолдайды, елтаңбалы мөр басып және тұтынушыға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы уәжді бас тарту немесе жазбаша хабарлама береді.
Орталық арқылы:
1) тұтынушы Орталыққа акт (акт телнұсқасын) беру туралы өтініш береді;
2)ғОрталық инспекторы өтінішті тіркейді, тұтынушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді және құжаттарды Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторына жолдайды;
3) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттар жинауды жүзеге асырып, тізілім жасайды, құжаттарды уәкілетті органға жолдайды;
4) уәкілетті орган қызметшісі өтінішті тіркейді және қажетті құжаттарды басшылыққа жолдайды;
5) уәкілетті орган басшылығы жауапты қызметшіні анықтайды;
6) уәкілетті органның жауапты қызметшісі ілеспе хатпен уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні (акт телнұсқасын) ресімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды мамандандырылған кәсіпорынға жолдайды немесе басшылыққа қол қою үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту немесе тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама дайындайды;
7) мамандандырылған кәсіпорын уәкілетті органның акт (акт телнұсқасын) әзірлеу туралы сұрауын қарайды, акт (акт телнұсқасын) әзірлейді, уәкілетті органға акт (акт телнұсқасын) жолдайды;
8) уәкілетті органның жауапты қызметшісі басшылыққа қол қою үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні (акт телнұсқасын) жолдайды, елтаңбалы мөрмен бекітіп, актіні (акт телнұсқасын) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторына жолдайды;
9) Орталықтың жинақтаушы бөлімнің инспекторы құжаттарды Орталықтың инспекторына береді;
10) Орталық инспекторы тұтынушыға акт (акт телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту немесе тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама береді.
14. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең төмен саны бір қызметкерді құрайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер
(өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы
15. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау уәкілетті органның жауапты қызметшісі арқылы жүзеге асырылады.
Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердің» бағытталуы мен орындалатын қызметтері туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Құжаттарды Орталыққа немесе уәкілетті органға тапсырғаннан кейін тұтынушыға төмендегілерді көрсетумен тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
сұрауды қабылдау нөмірі мен датасы;
сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;
құжаттарды беру датасы, уақыты және орны;
мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының немесе уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.
16. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні беру немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актнің телнұсқасын беру үшін уәкілетті органға немесе Орталыққа келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) мемлекет уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын берген кезде:
уәкілетті органға осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;
жергілікті атқарушы органның жер учаскесінің уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;
уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;
салық төлеуші куәлігінің (СТН) көшірмесі;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшір-месі;
уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындаға-ны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы құжат (түбіртек);
Өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі не тұтынушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың, өкілдің өкі-леттілігін куәландыратын құжаттың және өкілетті өкілдің жеке бас куәлігінің көшірмелерін тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсы-нылады, олар тексерілгеннен кейін тұтынушыға қайтарылады.
2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
уәкілетті органға осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;
жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкес-тендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттардың көшірмелері;
уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;
салық төлеуші куәлігінің (СТН) көшірмесі;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайында-ғаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы құжат (түбіртек);
өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі не тұтынушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың, өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың және өкілетті өкілдің жеке бас куәлігінің көшірмелерін тексеру үшін олардың түпнұс-қалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін тұтынушыға қайтарылады.
3) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын беру кезінде:
уәкілетті органға осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын беруге өтініш;
уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы құжат (түбіртек);
жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;
өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі не тұтынушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың, өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың және өкілетті өкілдің жеке бас куәлігінің көшірмелерін тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін тұтынушыға қайтарылады.
17. Өтініштердің бланкілері уәкілетті органда болады.
Орталықта өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекет етеді:
1) Орталық инспекторы;
2) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы;
3) уәкілетті органның жауапты қызметшісі;
4) уәкілетті органның басшылығы;
5) мамандандырылған кәсіпорынның кеңсесі;
6) мамандандырылған кәсіпорын басшылығы;
7) мамандандырылған кәсіпорынның қабылдау және беру тобы;
8) мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік құрылым-дық бөлімшесі.
19. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) бірізділігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсетумен осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ үдерісіндегі әкім-шілік әрекеттердің логикалық бірізділігі арасындағы өзара әрекетті көрсететін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын уәкілетті органның, Орталықтың, мамандандырылған кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің басшылары мен лауазымды тұлғалары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы олар қабылдайтын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жауап береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp