«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы “СолҚазЭнерго” ЖШС-нің аумағында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2012 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес “Қыс – 2012” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

“Қысқы кезең жағдайында дағдарысты жайттардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу” деген тақырыпта ұйымдастырылған республикалық командалық оқу-жаттығудың басшылық штабы Атырау қаласында шоғырланып, шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко басшылық етуде.

Жиын кезінде азаматтық қорғаныс, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою және өзара іс-қимыл жоспарлары жүзеге асырылды. Онда сондай-ақ қыс кезінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлар кезіндегі апаттық-құтқару қызметтерінің дайындығы тексерілді.

Жаттығудың қорытындысы бойынша облыстық ТЖД мамандарының қыстыгүнгі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру қызметіне баға берілетін болады.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp