Зейнолла ӘКІМЖАНОВ.
Көңілдің ауылды аңсап
хошы кейде,
Жүректен өшпейді ғой
осы бейне.
Туған жер – алтын бесік
қанат беріп,
Қияға қонатындай өсірмей ме?
Көнсек те біз заманның
жетегіне,
Ауылға не қымбатың
жетеді ме?
Қырлардан тамыр тартқан
пенде болсаң,
Құмарсың ата-баба
мекеніне.
Сезбейсің бұл әуенді
өзің өспей,
Уақыт өте шығар көз ілеспей.
Сағыныш туған жерге
тарта берер
Жүректе алаулаған
сезім өшпей…