«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҒАЙЛАР” ҮЛКЕН САХНАҒА ШЫҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарашаның 2-сінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының (ПМПИ) 50 жылдық мерейтойына арналған қазақша КВН ойындары өтті. Кереку қаласына әр аймақтан сегіз құрама жиналды. Соның ішінде Қызылжардың абыройын қорғаған “Ағайлар” командасы да бар.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Республикалық арнайы жоба болғандықтан, ойынды Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукеннің өзі жүргізді. Естай атындағы қалалық Мәдениет үйінде бос орын болмады. Өйткені, сахнада шығыс орталық лигасында өнер көрсететін жергілікті халықтың сүйікті командаларының бірі “Альянс” (Семей), оңтүстіктен келген көпшілікке танымал “Арман қала АЭСА” (Алматы), екібастұздық “Біз Қазақпыз!”, Шудың атышулы “Шу-Чуі”, астаналық “Күлтегін” және қарағандылық “Болашақ vip” құрамалары өнер көрсетті. Сонымен қатар жергілікті “Павлодар жастар құрамасы” мен “Квартет” командасы да болды.

Біздің қалалық классикалық гимназияның ұстаздарынан құралған “Ағайлар” командасы ПМПИ-ді қатысып отырған командалардың ішіндегі педагог команда ретінде құттықтады. Мұғалім, мектеп тақырыбынан ауытқымай, ұтқыр әзілдерімен халықтың көңілдерінен шыға білді. Бұған дейін Астана мен Арқалық қаласында көрермендердің алдында жаттығып алған қызылжарлық әзілкештер осы жолы бар өнерлерін салды. Оның үстіне 31 қазанда ашық қалалық лиганың 2012 жылғы чемпиондық атағын Арқалықтан келген “Ұландарға” беріп қойған сәтсіз ойындары да намыстарын қамшылады.

Республикалық деңгейдегі ойынға бұл команданың қатысуы әзілсүйер қауым үшін жаңалық болды. Ал ПМПИ ректорының кубогын жергілікті Павлодар жастар құрамасы иемденді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp