«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЖАРДА МАЛ БАСЫ КӨБЕЙДІ, ал кен өнеркәсібі өркендеу үстінде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Серік Біләлов жұмыс сапарымен Аќжар ауданында болып, мал шаруашылығы бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты, бірќатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, журналист.

 

Өңір басшысы алдымен Ақжарқын ауылында болды. Онда Руслан Яударов басқаратын “Данил” фермерлік шаруашылығы 8 мың гектар егістік алқапқа, 2 мың 59 гектар жайылымдық пен шабындыққа иелік етіп отыр. 339 бас ірі қарасы, 68 бас жылқысы бар. Енді асылтұќымды Еділбай ќойын өсіруді мыќтап қолға алыпты. Биыл Руслан Ризванович “Сыбаға” бағдарламасының арқасында “Солтүстік” ӘКҚ-ның қолдауымен 32 миллион теңге көлемінде несиеге қол жеткізген. Сөйтіп, шаруашылыќқа 1 мың бас қой, 3 асылтұқымды бұқа сатып алған.

Барыс-Агро” шаруа ќожалығы Дәуіт ауылында орналасқан. 3816 гектар егістік алқабы бар. Онда 15 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық жалақысы – 52 мың теңге. Болат Әубәкіров басқаратын шаруашылық “Сыбаға” бағдарламасы аясында 70 тайынша мен абердинангус тұќымды 3 бұќа сатып алыпты. Карантиннен өткен ірі ќаралар ќазір жайылымда жүр.

Қосымша мал сатып алуға 12 миллион 900 мың теңгенің несиесін жұмсадық. Оларға арнайы ќора тұрғызып, жемшөп дайындадыќ. Келер жылы малдың санын 300-ге жеткізсем деймін, – дейді Болат Сапарғалиұлы.

Раушан” ФК-нің, “Ерлан” ШҚ-ның, “Ақерке” ШҚ-ның басшылары Амантай Тілегенов, Меңдібай Ќипасов, Елемес Сәдуаќасов та ата-баба кәсібіне бет бұрып отырғандықтарын атап айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сапар барысында Серік Біләлов “Аќтөбе-GLASS” ЖШС-нің кварц ќұмын байыту фабрикасында болып, оның жұмысымен танысты.

Өндіріс орнының атқарушы директоры Владимир Симонның айтуына қарағанда, фабрика 2013 жылы толық қуатында жұмыс істей бастайды. Онда бір жылда 340 мың текше метр байытылған кварц құмын өндіретін болады. Биылғы меже – 50 мың текше метр. Өнімге сұраныс бар. Өндіріс ошағы толыќ ќуатына көшкенде 150 адамды жұмыс орнымен ќамтамасыз етпек.

Серіктестігіміз 2006 жылы ќұрылды. Осы күнге дейін Айсары кен орны игерілді, инфрақұрылым нысандары, фабрика корпусы салынып, технологиялық құрал-жабдықтар орнатылды, темір жол тартылды, Ресей мен Украинада шығарылған арнайы ќондырғылар сатып алынды. Биылдан бастап кварц ќұмын Алматы мен Новосібір ќалаларына жөнелтудеміз, – дейді Владимир Симон.

Жалпы Аќжар ауданында кен өнеркәсібінің аяќ алысы жаман емес.

Біздің кәсіпорын жаңадан ашылған. Тас өндірумен айналысамыз. Келер жылы ќуатты арттырып, зауыт салу ойымызда бар. Ол үшін Ќытай, Ресей елдерімен келісімшарт жасадыќ, – дейді өңір басшысын өндіріс орнымен таныстырған “Аќжар-инвест” ЖШС директорының міндетін атќарушы Хайролла Ыбыраев.

Олег Антонов басқаратын “ПФК гранит-2” ЖШС арнайы ќұрылыс тастарын, сонымен бірге қиыршыќ тас өндірумен айналысады. Ќазіргі таңда онда 25 адам еңбек етеді. Өнімдерін Омбы ќаласына жөнелтеді.

Біздің өндірісіміз 1995 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Биылғы жоспарымыз толыќтай орындалды. Техникалар, ќажетті ќондырғылар сатып алынды. Әрине, алғашќы жылдары ќиын болатын. Ќазір ќолдау бар. – “Кварц-2” ЖШС директоры Павел Авдеенко осылай десе, “СХП Сарыбай инвест” ЖШС директоры Берік Беркімбай алдағы жылы 250 мың тонна қиыршық тас өндіргелі отырғандықтарын, ол үшін ғимарат тұрғызып, ќұрал-жабдыќтар сатып алғандықтарын тілге тиек етті.

Облыс әкімі Ленинград ауыл шаруашылығы колледжіне де ат басын бұрды. Оқу орнының кең бағдарлы құрылыс шебері, электронды-есептеу машинасының операторы, газэлектрмен дәнекерлеуші, ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері, техникалық қызмет көрсету және машинатрактор паркін жөндеу жөніндегі шебер, тамақ өндірісінің маманы, шаштараз, модельер-тігінші, үй-жай иесі сияқты 9 мамандыққа кадрлар даярлайтын мемлекеттік лицензиясы бар. Колледж директоры Рамазан Тастеміровтің айтуына қарағанда, 189 оқушының қажетті білім алуына барлық жағдай жасалған. Өткен жылы облыстық бюджет қаражатына 68 орындық жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілген. “МТЗ-82” тракторы, “Енисей-1200” комбайны, “Омичка” себу агрегаты сатып алынған.

Сапар соңында Серік Біләлов “Жұмыспен ќамту – 2020” бағдарламасы аясында өз ісін дөңгелетіп отырған “Нұрболат” жеке кәсіпорнында болды.

  • Біз әулетімізбен Моңғолиядан ќоныс аударғанбыз. Бір жарым миллион теңгеге жуыќ несие алып, ќазір содан нәпаќа тауып отырмыз. Отбасымызбен жићаз жасаймыз. Адал еңбекпен аќша тапқанға не жетсін?! Алдағы уақытта өз кәсібімізді кеңейте түсуді ойластырудамыз, – дейді жеке кәсіпкер Мәдиқажы Қаһарман.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp