«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ” ОРДЕНІ майдангердің ұрпағына табыс етілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерлік жасаған майдангерлерге ғана берілетін “Қызыл Жұлдыз” ордені өз иесін тапты. Достық үйінде Ұлы Отан соғысында өзгелермен бірге Жеңіске қол жеткізген жерлес майдангер Қожахмет Ерденовтің туғандарына марапат табыс етілді.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Айыртау ауданының тумасы Қожахмет Ерденов Қызыл әскер қатарына 1941 жылдың шілдесінде шақырылған. Берлинді жаулап алуға қатысып, қайсарлық танытқан қарапайым жауынгер еліне оралып, соғыстан кейін он жылдай уақыт еңбек етсе де, көзі тірі кезінде бұл марапатына қол жеткізе алмай кеткен. Оның балалары Ұлы Отан соғысы ардагеріне тиесілі орденді алуға күш салғанымен, бірнеше жылдар бойы құзырлы органдардан лайықты жауап болмаған. Әрі марқұмның әскери билеті жоғалып кеткен. Ақыры, майдангердің туғандары Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігіне хабарласып, енді міне, ең жоғары награда – “Қызыл Жұлдыз” ордені өз иесін тауып отыр. Жылы кездесу үстінде аталмыш елшіліктің өкілі – қорғаныс істері жөніндегі атташе генераллейтенант Николай Покась соғыс ардагерінің ұлы Еламан Қожахметұлына орденді табыс етті. (Ереже бойынша егер марапатталушының өзі дүниеден озса, онда орден оның балаларына тапсырылуы тиіс – Г.Т.).

Жиын барысында майдангердің туған-туыстары сөз алды. Қожахмет Ерденовтің артында қалған үрім-бұтағы бұл марапатты көптен күткендерін айтады. Қызы Әсия Қожахметова бала кезінде әкесінен соғыс жайлы көп естігенін еске алды. “Бірақ ол кісі әскери маңызды деректерді көп айта қоймайтын. Өйткені, ол кезде майданда болған жайттарды ауызға алуға тыйым салынған. Әкеміз соғыста нендей ерлік жасағанын өзімен бірге жер қойнауына ала кетті”, – дейді ол. Елшіліктен келген өкілдер де “Қызыл Жұлдыз” орденінің жерлесімізге не үшін берілгенінен хабарсыз, бірақ “Мұндай орден тек таңдаулы жандарға ғана лайықталады. Бүгінде Қазақстанда 100-ге жуық майдангердің ұрпақтары қарапайым жауынгер бола жүріп, Жеңіске жетуіміздің жолында ерлік іс жасағандарға ғана берілетін марапатты алды. Бұған қоса, Ауған соғысына қатысқан 25 жауынгер осындай марапатқа ие болды. Мұндай игі іс әлі де жалғасатын болады. Өйткені, ҰОС кезінде қаза тапқандардың саны өте көп. Оларды анықтап, туған-туыстарын табудың өзі көп еңбек пен уақытты талап етеді”, – дейді.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp