“ШЕШЕ КӨРГЕН ТОН ПІШЕР”
– Шешем оймақтының шебері болатын. Біздің көйлек-көншегімізді өзі тігіп беруші еді. Анамның шаруабасты болып жүрген бейнесі әлі күнге дейін көз алдымда. Маған осы тігіншілікпен айналысу анама деген сағыныштың орнын толтыратындай көрінеді, – дейді Нұрғайша Үздембаева. Нұрғайша Әбілмәжінқызымен мен алғаш рет Петропавл қаласының бас көшесі – Қазақстан Конституциясы бойында жүздескен болатынмын. Өзінің қолынан шыққан түрлі түсті …