«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ГОРГАЗ-СЕРВИСКЕ” ҚАРЫЗЫ БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“ГорГаз-Сервис” ЖШС өкілі мен облыстық сот актілерін орындау жөніндегі департамент Петропавл №2 аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Юлия Башкатова борышкерлер мекен-жайы бойынша рейдке шықты.

Брусиловский көшесі, 12-үйде тұратын бір әйел “ГорГаз-Сервис” ЖШС-іне 2009 жылдан бері қарыз. Сол себепті аталмыш серіктестік сотқа арызданған. Ал бұл борышкерден 43 443 теңге көлеміндегі берешек соманы өндіріп алу туралы атқару қағазы сот актілерін орындау жөніндегі департаментке үстіміздегі жылдың сәуірінде келіп түсті.

Сөйтіп, рейд барысында борышкердің компьютері тәркіленді. Сот орындаушысы хаттама толтырып, мүлікті серіктестік өкіліне тапсырды. Жауапкер бұл хаттамаға наразылық білдіре алады. Ал оның мүлкі бағаланып, саудаға қойылады, бірақ “ГорГаз-Сервис” компьютерді қарызды өтеу есебіне алуы мүмкін.

Театр көшесіндегі 55-інші үйдегі бір пәтердің қожайыны 113 мың теңге қарыз. Бірақ, ол есігін ашпаған. Букетов көшесі, 3-үй мекенжайы бойынша да рейд мүшелері борышкерлермен сөйлесе алмады. Мұндағы берешектің сомасы 93 мың теңге.

Облыстық сот актілерін орындау

жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp