«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРДЕГІ 42 ДІНИ БІРЛЕСТІК қайта тіркеуден өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде облыстық әділет департаменті өткізген баспасөз мәслихатында діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі жұмыстың қорытындысы жарияланды.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заң талаптарына сәйкес қайта тіркелуден өтуге тиісті 73 ұйымның 44-і өтініш білдірген. Нәтижесінде 42 діни бірлестік құжаттарын толық ресімдеп, қайта тіркелді. Қайта тіркеуден өту үшін өтініш бермеген діни бірлестіктердің жұмысы сот тәртібімен тоқтатылады. Бұл жағдай олардың заңдағы талаптарды орындай алмайтынын байқатады.

Жаңа заң қабылданғанға дейін діни бірлестікті тіркеу үшін 10 адамның келісімі жеткілікті болса, енді олардың саны артып отыр. Жергілікті діни бірлестікті құру үшін 50 азамат ниет білдіруі шарт. Ал “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы” діни бірлестігінің 25 филиалы да заң талаптарына толық жауап беріп, жұмысын жаңа қарқында бастап кетті. “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы Қадырбек Қуанышұлының айтуынша, мешіттердің барлығы бұл сыннан сәтті өткен.

Петропавл және Булаев епархиясының епископы Гурий биыл алғаш рет мемлекеттік тіркеуден өтуге өтініш білдірген. Ол құжаттарды дайындау барысында бірқатар техникалық қиындықтар болғанымен, бұл рәсімді өткізуде бізге облыстық әділет департаментінің мамандары көмекке келді, дейді.

Қайта тіркеуден өте алмағандарға филиал ретінде тіркелуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp