«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауламыз ажарлана түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қырғыз МҰСАБАЕВ,

қала тұрғыны.

 

“Жас Отан” жастар қанатының белсенділері мен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері өткен сенбіде “Сыйлықтар” әмбебап дүкені орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласын, балалардың ойын алаңын қоқыстан тазартты.

“Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Самат Жәкенов бастаған белсенді жастар қолдарына сыпырғыш, тырма, күрек алып, көптен бері жөнді тазарту жұмысы жүргізілмеген ауламызды күл-қоқыстан тазартып қана қоймай, сонымен бірге өздерімен ала келген сырларымен балалардың ойын алаңындағы әткеншектерді, орындықтарды сырлап, қалпына келтірді.

“Сыйлықтар” әмбебап дүкені орналасқан тұрғын үйдегі жандардың басым бөлігі қариялар болғандықтан, күнделікті сенбілік өткізе берудің амалы болмай жатады. Жастардың жағдайымызды ескеріп, ауламызды жөнге келтіргендеріне мың да бір алғыс айтамыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp