«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“А” ЖОҒАРЫ БАСҚАРУ КОРПУСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2012 жылдың қазан айында “Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылды.

Светлана ЗАЙЦЕВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқарма бастығының орынбасары.

 

Аталмыш заң жобасы Елбасының 2011 жылдың шілдесінде бекіткен мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасын, сондай-ақ оның бірқатар нақты тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:

– кадрларды іріктеу және жоғарылату кезінде меритократия қағидатын күшейту;

– “А” жоғары басқару корпусын құру;

– қызметкерлер құрамын басқару институттары мен тетіктерін жетілдіру;

– кадрлар қызметінің рөлін арттыру;

– тәртіптік және этикалық бақылауды күшейту.

Осы мақсатта заң жобасына мынадай нормалар енгізіліп отыр. Яғни, конкурстан тыс іріктеудің дербес кезеңі ретінде тестілеуді өткізу. Бұл мемлекеттік органдардың конкурстық рәсімдерді өткізуге кететін уақытын 40-45 күннен 15-20 күнге дейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Заңсыз кадрлық шешімдер бойынша жауапкершілік арттырылып, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі енгізіледі. Сонымен бірге тәлімгерлік, тағылымдама, ауысу және мансаптық жоспарлау институттары енгізіліп, қызметкерлер құрамын басқару қызметі, өкілеттігі және жауапкершілігі айқындалатын болады. Бұл құрамды басқаруға орай “е-қызмет” шоғырланған ақпарат жүйесі құрылады. Сондай-ақ аудан, қала және облысқа қатысты құрамды басқарудың біртұтас қызметін әрі бірыңғай конкурстық, аттестаттау және тәртіптік комиссияларды құру мүмкіндігі туады. “Командалық ауысымды” азайту және мемлекеттік органдардың басшылары ауысқан кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қорғауды нығайту мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы ауысу бойынша тағайындау Елбасы белгілеген жағдайда ғана жүзеге асатыны осы заң жобасында қарастырылған. Конкурстық комиссиялар кадрлар резервіне тек сол мемлекеттік орган үшін ұсыныс жасайтын болады.

Заң жобасында басқару деңгейіндегі әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың “А” корпусын құру көзделген. Олар үшін кадрлар резервіне енгізудің және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі қарастырылған. Оны Мемлекет басшысы айқындайды, сондай-ақ “А” корпусына кіретіндер арнайы біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.

Аталмыш заң қабылданған соң кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мен өңірлік кадр комиссиялары құрылады деп болжануда. Олар “А” корпусының кадрлар резервін қалыптастыратын болады. Оған басқарушылар, бетке ұстар мемлекеттік қызметшілер кіреді. Аппарат басшылары, мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, комитеттер төрағалары мен қала және аудан әкімдері “А” корпусының жоғары әкімшілік тұлғалары болып саналады. Министр, вице-министр, облыс деңгейінде әкім, әкімнің орынбасары және облыс орталығының әкімі – саяси мемлекеттік қызметшілер.

Заңға тұңғыш рет қызмет әдебі туралы жеке тарауды енгізу қарастырылған. Бұл тарауға мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібі кодексінің нормалары енгізілген.

Тұрғындардың кадрларды іріктеу жүйесіне және мемлекеттік қызметшілердің меритократия қағидаттарының сақталуына сенімін, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру реформалаудың осы кезеңдегі мақсатты индикаторы болып табылады. Заң қабылданған соң Елбасының мемлекеттік қызметке өту мәселелерін реттейтін кейбір актілеріне өзгерістер енгізіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp