«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ – КӨПКЕ ОРТАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ләззат КАДИРОВА,

Шағырсай негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

 

Жуырда Уәлиханов аудандық білім бөлімі әдіскерлерінің және облыстағы “Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының” әдіскерлерінің қатысуымен Кішкенекөл мектеп-гимназиясында “Дүниетанымдылық негізі – халық тағылымында” атты маңызды да ауқымды семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасының бірінші бөлімінде аудан мектептерінің мұғалімдері ашық тәрбие және пән сағаттарына қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинардың кезекті бөлімінде облыстағы “Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар” орталығының директоры Г.А.Арықпаеваның басшылығымен орталықтың әдіскерлері мектептегі әдістемелік жұмыстардың жүргізілуі туралы жүйелерін ортаға салды. Олар дарынды және үлгермейтін оқушылармен жұмыстар, мұғалімдердің әдістемелік құжат жүйесі, тәрбие мен білім теориясы және әдістемесі жөнінде тәжірибе бөлісті.

“Жақсы басшы – елге құт” дегендей, үш тілді меңгерген білікті басшы Г.А.Арықпаеваның жетекшілігімен шалғайдағы Уәлиханов ауданына келіп ой бөліскен әдіскерлерге Көбенсай орта мектебінен Б.Ш.Пішенбаева және Бидайық орта мектебінің мұғалімі Р.М.Кәрімжанова алғыстарын білдірді.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp