«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН ЖӨН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Облыстық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов төрағалық еткен жиында үш мәселе қаралды.

Биылғы жылы дін туралы заңның өзгертілген нұсқасына орай барлық діни бірлестіктер қайта тіркеуден өткізілді. Оның қорытындысы туралы облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы Ерік Есентаев баяндады.

– Діни бірлестіктерді қайта тіркеу жөніндегі атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша 73 діни бірлестіктің 44-і қайта тіркеуге өтініш берді. Олардың ішінде 42-сі мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, құжаттарын рәсімдеді. “Дін-Мұхаммед” діни бірлестігінің құжаттары Солтүстік Қазақстан облыстық дін істері жөніндегі департаментте жатыр. Ол бойынша әлі ресми сараптама қорытындысы келген жоқ. Діни бірлестіктер өткізілген шараға түсіністікпен қарады және қайта тіркеуден өткісі келгендер құжаттарын уақытында тапсырды. 19 діни бірлестік мемлекеттік қайта тіркеуден өтуге өтініш түсірмегендіктен, олар сот арқылы жабылатын болады. Олардың басшылары жағынан ешқандай шағым түскен жоқ, – деді Ерік Есентаев.

Облыстық дін істері жөніндегі департаменттің директоры Нұрислам Ғабдуллин де әділет департаменті өкілінің хабарламасын қуаттады.

Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Руслан Әлішев діни ғимараттардан тысқары жерлерде діни рәсімдерді атқаратын орындардың (намазхана) орналасуы жөнінде хабарлама жасады. Бұл шара жергілікті атқару органдарына жүктелген. Намазханалар ретінде жергілікті жерлерде жеке үйлер немесе оған лайықталған ғимараттарда бөлме қарастырылады. Облыс бойынша мұндай орындар – 46. Петропавл қаласында темір жол вокзалында бөлме бөлінген.

“Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Доценко діни экстремизмге қарсы ақпараттық-насихат шаралары жөніндегі мәселелерге тоқталды.

Жиын соңында дін саласы бойынша түсіндіру жұмыстарын үзбеу және конфессияаралық қатынастарға әлеуметтік зерттеу жүргізу тапсырылды. Тіркеуден өтпеген діни бірлестіктерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес тарату шараларын жүргізу әділет департаментіне жүктелді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp