«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УӘЛИХАНОВТА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ, фермерлік шаруашылық қалыпты дамып келеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Серік Біләлов Уәлиханов ауданында болып, тұрғын үй құрылысының және мал шаруашылығы дамуының барысымен танысты, әлеуметтік нысандарды аралады.

Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ,

журналист.

Облыс әкімі Серік Біләлов алдымен “Жұмыспен ќамту – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудан орталығы Кішкенекөл ауылының Сыздықов көшесінде бой түзеген 22 үйдің жағдайымен танысты. Оның құрылысын Әскер Мұқатаев басқаратын “Нұрсұлтан Ќұрылыс компаниясы” ЖШС жүргізіп жатыр. Олардың 10-ы ќыркүйек айында пайдалануға беріліпті. Жалпы алаңы 73,88 шаршы метрді құрайтын полистиролбетон блоктарынан қаланған үйдің ќалған он екісі ќарашада тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Өңір басшысы болашағы жоќ Жұмысшы ауылынан ќоныс аударған Ілиясовтар отбасында болып, көпбалалы жаңа қоныс иелеріне “Отау-ТВ” ќондырғысын тарту етті.

Аудан орталығындағы мешіттің іргетасы 2010 жылы ќаланған екен. Ќаржы тапшылығынан ќұрылыс ќарќын ала алмай отыр. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, ауыл тұрғындарының бәрі ќазір көмек ќолдарын созып, оның басы-ќасында жүр. Ғибадатхана 500 адамға шаќталған. Серік Біләлов ќаржылай көмек көрсететіндігін айтып, істі тездетуді тапсырды. Мешіт Тәуелсіздік күні өз есігін тұрғындарға айќара ашпаќ.

Күншуаќ” балабаќшасы да облыс әкімінің назарынан тыс ќалмады. Қырық жылдан астам тарихы бар екіқабатты ғимаратќа биыл алғаш рет “Балапан” бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Есік-терезелері, едендері жаңартылып, тамақ әзірлейтін блок қайта жабдықталған, кәріздер мен санитарлық желілер ауыстырылған, жаңадан бу қазандықтары орнатылған. Ќазір жаңадан түлеген балабақшада 150-ден астам бала тәрбиеленуде. Балғындар өңір басшысына өз өнерлерін көрсетті.

Қазатомпром” компаниясының демеушілік көмегімен қалпына келтірілген балабақшаның жөндеу жұмыстарына ризашылығын білдірген Серік Сұлтанғазыұлы жас бүлдіршіндерге көрімдік ретінде теледидар сыйлады.

Аудан орталығын көркейту жұмыстары барысында “Жұмбаќтас”, “Бейбітшілік пен келісім” сарайы сынды демалыс орындары пайдалануға берілген. Бұл күндері Тәуелсіздік стеласы бой көтеруде. Ол бірінші желтоќсанда Тұңғыш Президент күні салтанатты түрде ашылмаќ.

Жеке кәсіпкер Мейірбек Ќұсайынов өз ќаражатына шағын спорттыќ кешен тұрғызу үстінде.

Бұл нысанда хоккей корты, волейбол алаңы, көрермендерге арналған 300 орындық мінбе болады. Жанындағы ғимаратта шешінетін, жуынатын, тынығатын, жаттықтырушылар бөлмелері орналасады, – дейді “Медерес” ФШ жетекшісі Мейірбек Ќұсайынов.

Аудандыќ Мәдениет үйінде сахна шымылдығы жаңаланған, ғимараттың айналасына тас төселген.

Сапар барысында облыс әкімі “Жолдасбай Агро” фермерлік шаруашылығында болды. Аталмыш шаруашылық 400 бас асылтұќымды ірі ќараға арнап ќора тұрғызып жатыр. Жобаның жалпы ќұны 475 миллион теңге, оның 322,5 млн. теңгесі лизингке беріледі. ФШ жетекшісі Сүйіндік Жолдасбаев етті бағыттағы 150 қара малға, 135 жылқыға, 5415 гектар егістік алқапқа иелік етіп отыр. “ҚазАгроҚаржы” АҚ арқылы 93 млн. теңгеге себу кешенін, екі трактор, дәрібүріккіш, “Вектор” комбайнын, дәнекерлегіш аспабын сатып алған. Сүйіндік Қайырбекұлы репродуктор шаруашылық құруды мақсат ететіндігін білдірді.

Шетелдік екі себу кешені, екі тракторы, заманауи төрт комбайны, басқа да агротехникалық шаралар жүргізетін құрал-жабдықтары бар “Ар” ЖШС сыйымдылығы 11000 тонналық элеватор салуда. Ќұрылыс жұмыстары тамыз айында басталған. Бүгінгі күні онда үш компания жұмыс істеуде.

Облыс басшысы Серік Біләлов сапар кезінде ауданда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына оң баға берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp