«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН сотталушы тәртіптік жазаға тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл облыстық сотының тапсырмасы бойынша бірінші сатыдағы сот үкімін жою туралы апелляциялық алқаның 2012 жылдың 31 қазандағы қаулысы негізінде Петропавл қаласында тұратын В.Курамшин тұтқынға алынған болатын.

Тергеу оқшаулағышында отырған бұл азамат арандату мақсатында қырыну үшін берілген ұстараның жүзімен өзіне жарақат келтірген. Осылайша ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оған тәртіптік жаза белгіленді.

В.Курамшиннің өзіне қасақана салған жарасы денсаулығына қауіпті емес, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ал арнайы жүргізілген тексеріс нәтижесінде тергеу оқшаулағышында сотталушының ешбір құқығы бұзылмағаны анықталды.

Жақын арада В.Курамшин сот үдерісін жалғастыру мақсатында Жамбыл облысына жөнелтіледі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp