Облыс орталығындағы “Океан” дүкенінің маңында “Мерседес” көлігінен 47 жастағы кәсіпкердің мүрдесі табылды. Ер адамның басына оқ атылған.
Жарты сағаттан соң кәсіпкерді өлтірген адам өз кінәсін мойындап, Петропавл қалалық ІІБ-ге келген. Ол марқұмға “ИЖ-58” аңшы мылтығынан оқ атқан. Жәбірленуші оған біраз уақыт бойы ақша қарыз болған. Соңғы уақытта берешегін өтеуден қашып, тіпті, телефон қоңырауларына жауап қатпай қойыпты. Оқиға күні екеуі “Океан” дүкенінің маңында кездескен. Кәсіпкер екі танысының көзінше қарызын өтеуден біржола бас тартып, күдіктінің көліктен шығуын талап еткен. Ал артқы орындықта отырған ер адам болса, мылтығын алып, борышкеріне оқ атқан.
Қылмыстық іс қозғалды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.