«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ШЫҚҚАН ЖЕР ҮЙДЕ 3 бала қыршынынан қиылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарашаның 7-күні кешкі 21 сағат 19 минутта Мамлют ауданының №15 өрт бөліміне төтенше жағдай жайында хабар түсті.

Кешкі 21 сағат 19 минутта Мамлют ауданының №15 өрт бөліміне қоңырау шалған зардап шегушілердің көршісі Ямская көшесіндегі отқа оранған үй ішінде адамдар болуы мүмкін екендігін хабарлады.

Жайсыз хабарды ести салысымен, алып-ұшып оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер лезде күш алған жалын жеке тұрғын үйдің іші мен кіреберісін түгел шарпығандығын байқаған. Лаулап жанған оттың ішінен қыршын кеткен 3 баланың мәйіттері табылды.

Балалардың 38 жасар анасының айтуына қарағанда, ол кешкі сағат сегіз шамасында 6 жасар ұлы мен 2 жасар егізді ұйқыға жатқызған соң асүйдегі пешті тұтатып, көршілеріне кеткен. Лезде үй ішін түгел шарпыған оттың ортасынан үш бала шыға алмай қалған. Балалардың әкесі бұл уақытта Астана қаласында қаражат тауып жүрген. Алдын ала болжам бойынша, өрт қараусыз қалдырылған пештің ақауынан болуы мүмкін.

Қайғылы оқиғадан есеңгіреп қалған ананың көз жасы құрғаған жоқ. Бір мезетте балаларынан айрылып, аңырап қала берді. Қызыл жалынның кесірінен барлық құжаттар мен киім-кешек жанып, үйдің де, іштегі мүліктің де түгі қалмаған.

Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін отпен абай болып, оны қараусыз қалдыруға болмайтындығын еске саламыз.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp