Жуырда қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде облысымыздың спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында үстел теннисінен облыстық ашық чемпионат өтті.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Екі күнге созылған қызықты доданың қорытындысы бойынша жекелей есепте кездесулерінде айтарлықтай нәтиже көрсеткен “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Азат Шәріпов жарыстың абсолютті чемпионы атанды.
Командалық есепте ерлер арасында жүлделі І орынды “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы жеңіп алса, Тимирязев ауданының командасы ІІ, ал шалақындықтар ІІІ орыннан көрінді. Ал қыздар арасында командалық есепте Шал ақын ауданының құрамасы үздік танылып, жүлделі І орынға көтерілді. Ал “Барыс” ІІ, тайыншалықтар ІІІ орынды жеңіп алып, жеңімпаздар легінен көрінді.