«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРҚАШАН ЖАС ӘСКЕРИ БӨЛІМ 50 жылдығын тойлады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №6637 әскери бөлімінің құрылғанына 50 жыл толды. Бұл мерейтой сенбі күні қалалық Мәдениет үйінде салтанатты түрде атап өтіліп, мерейтой иелерін облыс әкімінің атынан оның орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

1962 жылы жауынгерлік Қызыл ту табыс етіліп, алғашқы Отан қорғаушыларды қабылдаған №6637 әскери бөлімі тәуелсіз ел атанған Қазақстанның Жауынгерлік туын 2004 жылы алған. Сол себепті де, аталмыш мерейтойды осыдан 50 жыл бұрын әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтегендер мен бүгінгі солдаттар қатар отырып тойлады.

Мерейтой иелерін құттықтап, олардың ел алдындағы борышын адал атқарып жүргендігін тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов бірқатар әскерилерді облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлығымен марапаттады. Ал Ішкі әскер қолбасшысының атынан құттықтау сөз сөйлеген оның орынбасары, генерал-майор Альберт Маткаримов бүгінгі таңда ішкі әскердің материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әскерилердің жағдайын жақсартуда қыруар жұмыс атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Осы орайда үстіміздегі жылы солтүстік құрамасы әскерилеріне 15-тен астам пәтер алу үшін қаржы бөлінген екен. Мұның барлығы Жоғарғы Бас қолбасшы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ішкі әскердің жағдайына ұдайы назар аударуының арқасында, деді. Құттықтау сөзінен кейін Альберт Маткаримов Ішкі әскер қолбасшысының бұйрығымен әскерилерге әскери атақтар мен сыйлықтар берді.

Ішкі істер министрлігіне қарасты өзге де әскери құрылымдар басшылары мен мерейтой қонақтары да өз құттықтауларын жолдап, марапаттау салтанатын жалғастырды. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін салтанатты шара әскери бөлімнің өнерпаздары мен жергілікті ән-би ұжымдары өнер көрсеткен мерекелік концертке ұласты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp