«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.11.2012

АДАСҚАН БҰҚАЛАР қолды бола жаздады

Шал ақын АІІБ инспекторы Сайран Қалиев егерьмен бірге аудан аумағында рейд шараларын жүргізу барысында орман маңында жүрген адамдарды байқаған. Жақындай түскенде, олар жан-жаққа қаша бастаған. Дегенмен, біреуі қолға түсті. Кейін оның жақын маңда тұрған “Тойота” автокөлігі анықталды. Қалған үш ер адам біраздан соң құрықталды. Сергеевка ауылының тұрғындары өрісте жүрген үш қара малды ұрлап әкетпек болған. …

АДАСҚАН БҰҚАЛАР қолды бола жаздады Read More »

ҚЫРАҒЫЛЫҚ

Өткен сәрсенбі күні әскери жасақ сақшылары өздері патрульдік қызмет атқаратын аумақ – облыс орталығының Жамбыл көшесіндегі 235-ші үйдің маңында әскерилер мен полицейлерді көрісімен жылысып кетпекші болған жас жігітті тоқтатқан. Күдіктіні тексерген кезде оның не себептен тәртіп сақшыларымен кездескісі келмегені белгілі болды. Қолындағы спорттық сөмкесінен “ИЖ-17” шолақ мылтығы мен патрондары, көз-ауыз ойықтары бар тоқыма бас киім …

ҚЫРАҒЫЛЫҚ Read More »

САҢЛАҚ САФИННІҢ ТУРНИРІ жеткіншектерді сынға салуда

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “ Солтүстік Қазақстан”. 7-10 қарашада Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдердің бокс спорт мектебінің залында КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафиннің жүлдесі үшін ХVІІ дәстүрлі турнир өтті. Жас былғары қолғап шеберлерінің жыл сайынғы бәсекесіне негізінен өз өңірімізден, сондай-ақ еліміздің солтүстік және орталық облыстарынан үміткерлер қатысты. Биылғы турнирде облысымыздың Ғ.Мүсірепов атындағы, Шал ақын аудандарынан, өңіріміздің …

САҢЛАҚ САФИННІҢ ТУРНИРІ жеткіншектерді сынға салуда Read More »

ЖҮЙРІККЕ ҚАЛУДАН ДА ОЗУ ОҢАЙ екенін жерлес конькишілер дәлелдеді

Елена ШАМСУТДИНОВА, Қ. Байболов атындағы қысқы спорт түрлері мектебінің нұсқаушы-әдіскері. Жақында Астанада коньки спортынан еліміздің беткеұстарлары сынға түскен Қазақстан Республикасы чемпионатының екікүндік сайыстары аяқталып, біздің жерлестеріміз абыройға бөленді. Қысқы маусым жаңа басталса да, конькишілеріміз жаз бойғы жаттығуларда тегін тер төкпегенін айғақтады. Атап айтар болсақ, әйелдер арасында Татьяна Сокирконың жұлдызы жанды. Ол 1500 және 5000 метр …

ЖҮЙРІККЕ ҚАЛУДАН ДА ОЗУ ОҢАЙ екенін жерлес конькишілер дәлелдеді Read More »

“ҚАУІПСІЗ ЖОЛДЫҢ” ҚОРЫТЫНДЫСЫ төбе шашыңды тік тұрғызғандай…

Полицейлер “Қауіпсіз жол” жеделалдын алу шарасының қорытындысын шығарды. Шара мақсаты – апат деңгейін төмендету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтау. Шара барысында облыс аумағында жол қозғалысы ережесін бұзудың 2303 фактісі тіркелді. Соның 190-ы жүргізушілердің жолда келе жатып, қалта телефонын пайдалануына, 518-і жылдамдықты асыруға, 386-сы қауіпсіздік белбеуін тақпауға қатысты. 61 жүргізуші …

“ҚАУІПСІЗ ЖОЛДЫҢ” ҚОРЫТЫНДЫСЫ төбе шашыңды тік тұрғызғандай… Read More »

ЖАС МҰҒАЛІМ МЕКТЕБІ кәсібилікке баулиды

Петропавл қаласындағы №2 мектепте өңіріміздегі математика, информатика және биология пәндерінің жас мұғалімдеріне арналған “Жас мұғалім мектебі” облыстық семинары өтті. Ол жас педагог мамандардың кәсіби бейімделуі мен дамуына, білім беруді жаңғырту жағдайында өз-өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға көмек көрсетуге бағытталды. Лилия ТЮТИНА, әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.   Жұмысқа жаңа орналасқан жас мұғалімдер теориялық …

ЖАС МҰҒАЛІМ МЕКТЕБІ кәсібилікке баулиды Read More »

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ЖАСАЛҒАН көрме көңілден шықты

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Көкшетау қаласының көрмесі ашылды. Бір ай бойы қызылжарлықтар мен қала қонақтары “Көкше” академиясының оқытушылары мен студенттерінің туындыларын тамашалай алады. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Аталмыш жоғары оқу орны жеті жылдан бері дизайнның үш бағыты, яғни сәулет, графика және өнеркәсіп бойынша мамандар даярлайды. Көрмеге болашақ дизайнерлердің оқу барысында жасаған 60-қа жуық еңбегі …

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ЖАСАЛҒАН көрме көңілден шықты Read More »

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ЖАС МҰҒАЛІМДЕР жемісті еңбек етуде

Мақсат ЕСКЕНДІРОВ, Чехов орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” Жолдауында атап көрсеткендей, бүгінгі таңда елімізде адами капиталдың сапалы өсуіне қол жеткізуге ерекше мән беріліп отыр. Осыған орай ұстаздар қауымының алдына зор міндеттер қойылды. 2004 жылдан бері біздің мектептің жиырмадан астам түлектері мемлекеттік білім …

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ЖАС МҰҒАЛІМДЕР жемісті еңбек етуде Read More »

АМЕРИКАНЫҢ АНГУС СИЫРЛАРЫН ӘКЕЛДІ

Шолпан САЛЫҚОВА, журналист. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы “Возвышен” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамынан сомасы 2 миллион доллар көлемінде несие алып, Американың Канзас штатынан 408 бас “Қара ангус” тұқымды етті сиырлар сатып әкелді. Шаруашылыққа оның әрбіреуі 735 мың теңгеге түсті. Орташа салмағы 7-ден 10 центнерге дейін тартатын америкалық сиырлар жерсініп және тұқым жайып кетер болса, …

АМЕРИКАНЫҢ АНГУС СИЫРЛАРЫН ӘКЕЛДІ Read More »