«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАСҚАН БҰҚАЛАР қолды бола жаздады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын АІІБ инспекторы Сайран Қалиев егерьмен бірге аудан аумағында рейд шараларын жүргізу барысында орман маңында жүрген адамдарды байқаған. Жақындай түскенде, олар жан-жаққа қаша бастаған. Дегенмен, біреуі қолға түсті. Кейін оның жақын маңда тұрған “Тойота” автокөлігі анықталды. Қалған үш ер адам біраздан соң құрықталды. Сергеевка ауылының тұрғындары өрісте жүрген үш қара малды ұрлап әкетпек болған. Орманға алып келіп, таң ата сойып, етін сатуды жоспарлаған. Бұқалар Жалтыр ауылында тұратын ер адамға тиесілі болып шықты. “Мал ауыл шетінде жүретін. Кешке үйге өздері келетін. Ал ұрлық жасалған күні бұқаларым адасып, сол себепті алысқа кетіп қалған болар”, – дейді малдың қожайыны.

Қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің

ақпараты бойынша дайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp