«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ЖАС МҰҒАЛІМДЕР жемісті еңбек етуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мақсат ЕСКЕНДІРОВ,

Чехов орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” Жолдауында атап көрсеткендей, бүгінгі таңда елімізде адами капиталдың сапалы өсуіне қол жеткізуге ерекше мән беріліп отыр. Осыған орай ұстаздар қауымының алдына зор міндеттер қойылды. 2004 жылдан бері біздің мектептің жиырмадан астам түлектері мемлекеттік білім беру грантымен жоғары оқу орындарына түсіп, алды еңбек етіп жүр.

Осындай білімді түлектер тәрбиелеп, қанат қақтыруға мектебіміздің мұғалімдерінің сіңірген еңбектері де аз емес. Білім ошағында өз ісін жетік меңгерген ұстаздар өздерінің білгендерін шәкіртінің бойына сіңіруден жалықпайды. Бүгінгі күні еңбек етіп жүрген ұстаздардың 80 пайыздан астамы жоғары білімді.

Оқушыларға осызаманғы технологияларды жетік меңгерген жоғары білімді ұстаздар қажет. Бүгінгі таңда мектебіміз “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша жас мамандармен толығып келеді. Осы бағдарлама аясында келген Д.Шуақбаев, Қ.Ысқақов, М.Айдарханов, М.Ескендірова, А.Әубәкірова, А.Жетпісов, А.Әмрина сынды жас мамандар ұжыммен біте қайнасып кетті.

2010-2014 жылдарға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыру бағытында мектебімізде “Бүлдіршін” шағын орталығы ашылып, ойдағыдай жұмыс істеп тұр.

Облыс орталығынан шалғайда жатқан Уәлиханов ауданы Чехов орта мектебінің мұғалімдері еліміздің гүлдену ісіне, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуына осылайша өз үлестерін қосуда.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp