«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЙРІККЕ ҚАЛУДАН ДА ОЗУ ОҢАЙ екенін жерлес конькишілер дәлелдеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елена ШАМСУТДИНОВА,

Қ. Байболов атындағы қысқы спорт түрлері мектебінің нұсқаушы-әдіскері.

Жақында Астанада коньки спортынан еліміздің беткеұстарлары сынға түскен Қазақстан Республикасы чемпионатының екікүндік сайыстары аяқталып, біздің жерлестеріміз абыройға бөленді.

Қысқы маусым жаңа басталса да, конькишілеріміз жаз бойғы жаттығуларда тегін тер төкпегенін айғақтады. Атап айтар болсақ, әйелдер арасында Татьяна Сокирконың жұлдызы жанды. Ол 1500 және 5000 метр қашықтықтарда алдына жан салмады. Бұлар ұзақ қашықтықтар саналады. Алайда, жерлесіміз 500 және 1000 метрде де олжалы болып, күміс алқа иеленді.

Құрбысынан қалысқысы келмеген жерлесіміз Елена Урванцева 3000 метрде алтын алқа олжалады. Ол 5000 метр жарыс жолында екінші орын алған еді.

Ерлеріміз де ерледі. Атап айтқанда, Дмитрий Бабенко 1500 және 5000 метр қашықтықтарда қарсыластарынан озық болса, осы сайыстардың екіншісінде оның ізбасары Никита Ставцев күміс алқа еншіледі. Есесіне, ол ең ұзақ 10000 метрде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Бұл сайыстарда өзге жас жерлестердің де жолдары болды. Мысалы, Бабенкомен және Ставцевпен бірге шеберлік шыңдайтын Павел Ихтендрис пен Валерий Колесник те олжалы болып, тиісінше, өз жас ерекшеліктеріне орай қашықтықтарда алтын және қола алқаларға қол жеткізді. Ал Максим Сергиенко 10000 метрде қола алқаның иегері болды.

* * *

Осының алдында еліміз кубогының жарыстары болып, Иван Аржанников, Никита Ставцев, Татьяна Сокирко жеңіске жеткен еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp